Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингі бойынша әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысандарды бекіту туралы
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 205 бұйрығыменкүші жойылды
«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес әкімшілік деректерді жинақтауға арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингі бойынша есеп» нысаны; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес әкімшілік деректерді жинақтауға арналған «Теріс себептермен мемлекеттік қызметтен шығарылған мемлекеттік қызметкерлер туралы есеп» нысаны; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес әкімшілік деректерді жинақтауға арналған «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының түлектері бойынша есеп» нысаны; 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес әкімшілік деректерді жинақтауға арналған «Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлектері туралы есеп» нысаны бекітілсін. 2. «Мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлері туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 06-7/181 бұйрығының қүші жойылды деп танылсын («Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылдың 13 наурызында № 49 (28273) жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9065 тіркелген). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|