Өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парағын бекiту туралы
Осы редакция 2019 жылғы 11 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған өсімдіктер карантині саласындағы тексеру парағы бекітілсін. 2. «Өсімдіктер карантині бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау саласындағы тексеру парағының нысанын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 маусымдағы № 15-08/579 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 13 шілдедегі № 525 бірлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11858 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бірлескен бұйрықты алынған күнінен бастап он күн ішінде оның көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін; 4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|