Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/635 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Алматы қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 25 қыркүйектегі № 3/553 Қаулысы
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 3/372 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» және 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласында көрсетілетін геология және су ресурстарын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/635 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1237 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін: 1 тармақтағы: 4), 5) және 6) тармақшалар алынып тасталсын; аталған қаулымен бекітілген «Болашақ құрылыс учаскесі астындағы жер қойнауында пайдалы қазбалардың жоқ немесе оның аз мөлшерде екендігі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті, осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын; аталған қаулымен бекітілген «Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті, осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда мазмұндалсын; 2. Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары Е. Қожағапановқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|