«Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2018 - 2021 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 562 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2018 - 2021 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 562 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы»; 1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 - 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Орталық атқарушы органдар, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және мүдделі ұйымдар (келісу бойынша) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін, және жыл сайын 15 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне олардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.»; Көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2018 - 2021 жылдарға арналған кешенді жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 294 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 562 қаулысымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|