Ақтау халықаралық теңіз сауда портының кейбір мәселелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және «Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 768 қаулысының күші жойылды деп тану туралы (2022.22.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы болып қайта аталсын. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін. 3. «Ақтау теңiз сауда портына халықаралық маңызы бар теңiз порты мәртебесiн беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 31 шілдедегі № 768 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 30, 307-құжат) күші жойылды деп танылсын. 4. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму, Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 3 қыркүйектегі № 544 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздерiне қатысты меншiктiң мемлекеттiк мониторингi жүзеге асырылатын объектілерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 810 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 28, 377-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларының өздеріне қатысты меншіктің мемлекеттік мониторингі жүзеге асырылатын объектілерінің тізбесінде: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|