Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-48/2 «2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 6С-57/2 шешімі
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Степногорск қалалық мәслихатының «2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-48/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7610 болып тіркелген, 2020 жылғы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 9 067 597,5 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 3 431 491,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 74 563,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 73 455 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 5 488 088,2 мың теңге;
2) шығындар - 9 840 921 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 65 567 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 68 381 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 814 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 5 875 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 5 875 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 844 765,5 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 844 765,5 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 4-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.