|
Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы (2024.16.06. берілген өзгерістермен)
Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2021.30.06. № 150 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18 және 139-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабына сәйкес, Ырғыз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы әкімдігінің 2021.30.06. № 150 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Ырғыз ауданы бойынша азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi қосымшаға сәйкес айқындалсын. 2. Ырғыз ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 мамырдағы № 96 «Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4959 тіркелген, 2016 жылдың 22 маусымында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. «Ырғыз аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ырғыз ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|