Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына 5-қосымша
ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021.23.07. № 362 бұйрығымен 5-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі - МЖБС) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына және 56-бабына сәйкес әзірленді және оқыту нәтижелеріне бағдарланған білім беру мазмұнына, оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне, білім алушылардың даярлық деңгейіне, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары (бұдан әрі - ТжКБ білім беру бағдарламалары) бойынша оқыту мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды. Осы МЖБС-ны меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ТжКБ-ның білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары (бұдан әрі - ТжКБ ұйымдары), оның ішінде әскери, арнаулы оқу орындары (бұдан әрі - ӘАОО) және ТжКБ білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер қолданады. 2. МЖБС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады: 1) ӘАОО-ның компоненті - білім беру бағдарламасын меңгеру үшін ӘАОО өз бетінше айқындайтын оқу пәндердiң тізбесі мен академиялық кредиттердiң тиiстi ең аз көлемi; 2) әскери тағылымдама - болашақ кәсіби қызметпен байланысты функционалдық міндеттерді орындау процесінде теориялық білімді, білікті бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді игеруге және дамытуға бағытталған әскери, арнаулы оқу орындарындағы оқу қызметінің түрі. 3) базалық құзырет - білім алушының жеке, әлеуметтік және кәсіби қызметіне қажетті білімнің, біліктің және дағдылардың жиынтығы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|