Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 19 мамырдағы № 41 бұйрығымен күші жойылды
«Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 46-2-бабының 4-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5761 болып тіркелді, 2009 жылғы 25 қырқүйекте № 146 (1569) «Заң газетінде» ресми жарияланған) төмендегі өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 46-2-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:»; 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Қоса берілген: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі бекітілсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|