Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысанын және құжаттар тізбесін бекіту туралы (2021.11.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2019.12.07. № 391 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Қазақстан Республикасы 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 46-2-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: ҚР Әділет министрінің 2019.12.07. № 391 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса берілген: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініштің нысаны; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын құжаттар тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Әділет министрінің м.а. 2021.11.06. № 494 бұйрығымен нысан жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 115 бұйрығымен бекітілді
Нысаны
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі __________________________ басшының аты-жөні, тегі (бар болғанда)(бұдан әрі - А.Ж.Т.) __________________________ (ұйым атауы, қызметі, басшы А.Ж.Т.) Реквизиттері: ______________ (заңды мекен-жайы, байланыс телефоны)
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым аккредиттеуден өту үшін ұсынатын өтініш
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|