«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы (2017.07.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2018 жылғы 26 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкімі 4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысымен бекітілген
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы (бұдан әрі - конкурс) өнегелі құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін таратуға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурс жылдың басында жарияланады және «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес Отбасы күніне орай қорытындыланады. Конкурсты өткізудің мақсаттары: 1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану; 2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру; 3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу, және кеңінен насихаттау; 4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау. 2. Конкурсқа отбасылар (бұдан әрі - үміткерлер) қатысады. Конкурс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында ашық нысанда өткізіледі. 3. Конкурстың жеңімпаз отбасысы жалпыға ортақ интерактивті дауыс беру негізінде айқындалады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|