2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Осы редакция 2019 жылғы 22 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 2018 жылғы 30 қарашадағы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңдарына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ: 1. 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 122 129 902,3 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер- 77 275 438,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 5 708 614,3 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 23 000,0 мың теңге; трансферттер түсімдері - 39 122 850,0 мың теңге; 2) шығындар - 121 443 499,3 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 419 631,0 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 2 990 391,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 3 410 022,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 491 358,0 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 491 358,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге: 5) бюджет тапшылығы (профициті) - 614 676,0 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 614 676,0 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімі - 2 780 391,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 3 395 067,0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге. 2. 2019 жылға қалалар мен аудандардың бюджеттеріне кірістерді бөлу нормативтері келесідей мөлшерлерде белгіленсін: 1)төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы: Бейнеу ауданына - 100 пайыз; Қарақия ауданына - 58,2 пайыз; Маңғыстау ауданына - 100 пайыз; Түпқараған ауданына - 57,2 пайыз; Мұнайлы ауданына - 100 пайыз; Ақтау қаласына - 15,1 пайыз; Жаңаөзен қаласына - 40,7 пайыз; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|