Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы «Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы» № 278 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Алматы облысы әкімдігінің 2023 жылғы 17 тамыздағы «Алматы облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары, белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану арнайы режимін белгілеу туралы» № 278 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6024-05 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Алматы облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы
2024 жылғы 20 маусымдағы № 209 қаулысына 1-қосымша
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|