Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы (2014.03.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2014.03.06. № 607 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтің лицензиары болып айқындалсын. 3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 1684 қаулысымен бекітілген
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|