Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 373/НҚ бұйрығымен күші жойылды
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізілімі бекітілсін. 2. Министрліктің Адами ресурстарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін; 4) осы бұйрықтың Министрліктің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Министрліктің Жауапты хатшысына жүктелсін. 4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т. Дүйсенова 2017 жылғы 25 мамыр
Қорғаныс және аэроғарыш Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|