Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктарын сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 101) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау өлшемшарттары бекітілсін. 2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 457 бұйрыққа 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|