|
«Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы (2024.14.08. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №16299 болып тіркелген), Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін. 2. «Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2017 жылғы 1 наурыздағы № 2 Ақтөбе облысының тексеру комиссиясының қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5386 болып тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 сәуірде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 3. Құқықтық жұмыстар бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы қаулының Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясының интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|