Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылсын деп танылсын. 2. «Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Р.С.Шауенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.А. Алпысбаевқа жүктелсін. 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 74 қаулысына қосымша
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 263 «Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4104 тіркелген, 2015 жылы 5 қарашада «Орал өңірі» газетінде жарияланған). 2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 267 «Су қорын пайдалануды реттеу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы» қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4117 тіркелген, 2015 жылы 3 қарашада «Орал өңірі» газетінде жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|