Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 30 маусымдағы № 153 «Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 60 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 153 «Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3962 тіркелген, 2015 жылы 17 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3- қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|