|
Бақылау-касса машиналарын қолдануға байланысты кейбір мәселелер туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 24 қазандағы № 626 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 111-бабы 2 және 5-тармақтары, 113-бабының 2-тармағы және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары және бақылау-касса машинасы чегінің мазмұнына қойылатын талаптар тізбесінің қағидасы; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес фискалдық деректер операторын тізбеге енгізу және тізбеден шығару қағидасы; 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес фискалдық деректердің әлеуетті операторына қойылатын біліктілік талаптарының қағидасы; 4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын салық органдарында есепке қою туралы нысаны; 5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын есептен шығару туралы нысаны; 6) осы бұйырыққа 6-қосымшаға сәйкес бақылау-касса машинасын пайдалану кезінде туындайтын міндеттемелердің орындалуы нысаны; 7) осы бұйырыққа 7-қосымшаға бақылау-касса машинасының моделін мемлекеттік тізілімге енгізу туралы нысаны бекітілсін. 2. осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|