Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидаларын бекіту туралы (2021.31.03. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 14 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 70-37) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген
Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 70-37) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне енгізу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|