|
Прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеуді ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы
Прокуратура органдарында тергеу функциясын одан әрі жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 11-бабының 4) тармағын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Прокуратура органдарында сотқа дейінгі тергеуді ұйымдастыру туралы нұсқаулық бекітілсін. 2. Бас Прокурордың 2012 жылғы 7 наурыздағы № 22 бұйрығының (Бас Прокурордың 2013 жылғы 18 шілдедегі № 72 бұйрығымен енгізілген өзгерістер және қосымшалармен) күші жойылды деп танылсын. 3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін. 4. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енсін.
Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 48 бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН
1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - ҚІЖК) 193-бабы 1-бөлігінің 1 тармағындағы және 194-бабындағы тәртіппен прокуратура органдарында қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеудің ұйымдастыруын реттейді. 2. Сотқа дейінгі тергеу Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға, Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне (бұдан әрі тиісінше - ҚК, ҚІЖК), Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (бұдан әрі - Бас Прокурор) бұйрықтарына, нұсқаулықтарына, нұсқауларына, сондай-ақ осы Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|