Осы редакция 2018 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру қағидалары (2017.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Осы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі - Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (бұдан әрі - кәсіпкерлер) міндеттемелерін орындауды ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер берудің тетігі мен шарттарын айқындайды. 2. Кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) шеңберінде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 940 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Кепілдік беру шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау құралы болып табылады және кәсіпкерлердің кредиттік ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін қолданылады. ҚР Үкіметінің 2017.15.06. № 373 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|