«Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 21 ақпандағы № 67 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16509 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 427-бабының 1-тармағын және 428-бабының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін қалыптастыру қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Қағидалар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қосылған құн салығы есепке жатқызу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.»; 4-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|