Қазақстан Республикасының (2019.26.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2019 жылғы 13 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар 2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың қағидаттары мен міндеттері 3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы 4-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк қолдау 5-бап. Жеке адамдардың дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтары 2-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыретi 7-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi 9-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау 3-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ ЖҮЙЕСІ 10-бап. Дене шынықтыру мен спорт субъектілері 11-бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу 12-бап. Аккредиттелген спорт федерацияларының құқықтары мен міндеттері 13-бап. Ұлттық олимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi 13-1-бап. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті 15-бап. Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесi және спорт 17-бап. Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру және спорт 20-бап. Түзеу мекемелеріндегі дене шынықтыру және спорт 4-тарау. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ 22-бап. Ұлттық спорт түрлері бойынша бірлестіктерді, спорт клубтарын құру құқығы 5-тарау. СПОРТ РЕЗЕРВІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР СПОРТЫ 23-бап. Спортшылардың құқықтары мен міндеттері 24-бап. Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау 25-бап. Жоғары дәрежелі спортшылар даярлаудың ерекшеліктері 27-бап. Кәсіпқой спортпен айналысу құқығы 29-бап. Кәсіпқой спорт федерациясының құқықтары мен міндеттері 30-бап. Кәсіпқой спорт клубтарының құқықтары мен міндеттері 7-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ТАЛАПТАР 31-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілері 32-бап. Спортшыны тіркеу туралы куәлік 34-бап. Спорт түрлерін және спорт салаларын тану. Спорт түрлерінің тізілімі 36-бап. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі 37-бап. Спорт түрі бойынша қағидалар 38-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары 40-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау 41-бап. Жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін аттестаттау 42-бап. Дене шынықтыру мен спортты дамытуды ғылыми-әдістемелік және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету 43-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы медициналық қамтамасыз ету 9-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖҮЙЕСІ 45-бап. Спортшылардың әлеуметтік қорғалуы 46-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау 48-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен көрсетілетін қызметтер 10-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 49-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздері 50-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы демеушілік пен кәсіпкерлік қызмет 51-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары 52-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі 11-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 53-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастық 59-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқой және кәсiпқой спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) ардагер спортшы - спорттық мансабын аяқтаған жоғары дәрежедегі спортшы; 2) әуесқой спорт - жеке адамдарға спорттық шеберлiгiн жетiлдiруге және әртүрлі спорт түрiнде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкiндiк беретiн бұқаралық спорт қозғалысы; 3) бейімдік дене шынықтыру және спорт - мүгедектерді оңалтуға және қалыпты әлеуметтік ортаға бейімдеуге, олардың толыққанды өмірді сезінуіне кедергі келтіретін психологиялық тосқауылдарды еңсеруіне, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік дамуына өзінің жеке үлес қосуының қажеттігін сезінуіне бағытталған спорттық-сауықтыру сипатындағы шаралар кешені; 4) бұқаралық спорт - халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін спорт қозғалысы; 5) бірыңғай спорттық сыныптама - спортшылардың шеберлiк деңгейiн немесе жаттықтырушылар мен спорт төрешiлерінiң бiлiктiлiк деңгейiн айқындайтын спортшылардың, жаттықтырушылардың спорттық атақтары, разрядтары және спорт төрешілерінің санаттары жүйесi; 6) дене тәрбиесi - денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген өскелең ұрпақты қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процесс; 7) дене шынықтыру - мәдениеттiң құрамдас бөлiгi, адамның дене бітімін және интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, дене тәрбиесі мен дене бітімін дамыту арқылы оның қозғалыс белсенділігін жетілдіру және саламатты өмір салтын қалыптастыру, әлеуметтік бейімдеу мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын рухани және материалдық құндылықтар жиынтығын білдіретін әлеуметтiк қызмет саласы; 8) дене шынықтыру даярлығы - адамның дене шынығуы қасиеттерін тәрбиелеуге және функционалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған педагогикалық процесс; 9) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскер (бұдан әрi - әдiскер) - кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін әдiстемелiк қамтамасыз етудi және оған басшылық жасауды, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыратын жеке адам; 10) дене шынықтыру және спорт жүйесi - халыққа дене тәрбиесiн беру және дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы; 11) дене шынықтыру және спорт саласындағы маман - дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке адам; 12) дене шынықтыру мен спорт саласындағы уәкiлеттi орган - дене шынықтыру мен спорт саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 13) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары - жеке адамдардың дене жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық іс-шараларды өткізуге арналған, арнайы жабдықталған (соның ішінде спорттық мүкаммалмен) объектiлер (алаңдар, үйлер, ғимараттар); 14) дене шынықтыру-спорт ұйымы - негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру мен спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға; 15) Дүниежүзілік универсиада - әртүрлі спорт түрлерi бойынша студенттер арасында өткiзiлетiн кешенді халықаралық қысқы және жазғы жарыстар; 16) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы - спорттық кәсіптік білімі бар, спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның жарыстастық қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке адам; 17) жаттықтырушыны, спорт дәрігерін қызметін атқарудан шеттету - жаттықтырушыны, спорт дәрігерін допингті пайдаланғаны, халықаралық және республикалық спорт ұйымдары (федерациялары) бекіткен нормаларды бұзғаны, сондай-ақ мінез-құлықтың моральдық-этикалық нормаларын және Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласындағы заңнамасында белгіленген міндеттерді бұзғаны үшін еңбек (кәсіби) қызметінен шеттету; 18) жоғары дәрежедегі спортшы - спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) мүшесi болып табылатын және (немесе) «Қазақстан Республикасының спорт шеберінен» төмен емес спорттық атағы бар спортшы; 19) жоғары жетiстiктер спорты - спортшылардың спорттық жарыстарда барынша жоғары спорттық нәтижелерге немесе жеңістерге қол жеткiзуiн көздейтін спорт саласы; 20) кәсiпқой спорт - спорттық ойын-сауық іс-шараларын (жарыстарды) ұйымдастыруға және өткізуге бағытталған, оларға дайындалғаны және қатысқаны үшін спортты кәсіби қызметі ретінде таңдаған спортшылар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес сыйақы алатын спорттың құрамдас бөлігі; 21) кешендi ғылыми топ - спортшының функционалдық жай-күйін, резервтік мүмкіндіктерін, даярлығының психологиялық және техникалық деңгейін бағалауға бағытталған ғылыми-әдiстемелiк, медициналық-биологиялық, психологиялық зерттеулер жүргiзу үшiн құрылатын бiлiктi мамандар тобы; 22) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілері - балалардың, жастардың және ересек тұрғындардың дене шынықтыру даярлығына қойылатын нормативтік талаптардың жиынтығы; 23) мектеп спорты - бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін білім беру ұйымдарында оқитындардың дене тәрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға даярлауға бағытталған спорттың бір бөлігі; 24) мектептегі спорттық лига - мақсаты мектеп спортын кеңінен таратуға және бір немесе бірнеше спорт түрін дамытуға жәрдемдесу, мектеп оқушыларымен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын мектеп оқушылары арасындағы спорттық қозғалыс; 25) мемлекеттiк жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша функциялар мен іс-шараларды жүзеге асыратын жаттықтырушы; 26) мүгедек спортшы - тыныс — тiршiлiгінің шектелуiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарларынан, кемiстiктерден организм функциялары үнемі бұзылып, денсаулығы нашарлаған және спорттың қолжетімді түрімен (қолжетімді түрлерімен) айналысатын жеке адам; 27) мүгедек спортшыларды сыныптау - мүгедек спортшыларға функционалдық мүмкіндіктер деңгейі өздеріне ұқсас басқа мүгедек спортшылармен жарысқа түсу мүмкіндігін жасау мақсатында сыныптаушының немесе сыныптаушылар тобының олардың дәрежесін (сыныптамалық санатын) айқындау процесі; 28) нұсқаушы-спортшы - спорттық қызметін Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы төлемі шартымен жүзеге асыратын спортшы; 29) оқу-жаттығу жиыны - спортшылардың спорттық шеберлігін және оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара; 2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 29-1) тармақшамен толықтырылды 29-1) олимпиадалық емес спорт түрі - Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірмеген, әлемдік спорт қоғамдастығында кеңінен дамыған және халықаралық спорт федерациялары басқаратын спорт түрі; 2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 29-2) тармақшамен толықтырылды 29-2) олимпиадалық спорт түрі - Олимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген, Халықаралық олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес Халықаралық олимпиада комитеті таныған спорт түрі; 30) Паралимпиадалық ойындар - тiрек-қозғалу аппараты мен көру органдары зақымданған мүгедек спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар; 2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 30-1) тармақшамен толықтырылды 30-1) паралимпиадалық спорт түрі - Паралимпиадалық ойындар бағдарламасына кірген, Халықаралық паралимпиада комитетінің Қағидалар жиынтығына сәйкес Халықаралық паралимпиада комитеті таныған спорт түрі; 31) спорт - спорттық жарыстар және адамды оған даярлаудың арнайы нысанында қалыптасқан, спорт түрлерінің жиынтығы ретіндегі әлеуметтік-мәдени қызмет саласы; 32) спорт саласы - айырым белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше спорттық жарыстар түрі (бағдарламалары) қамтылатын спорт түрінің бір бөлігі; 33) спорт резерві - жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуге әлеуеті бар жас және жасөспірім жастағы спортшылар; 34) спорт төрешiсі - арнайы даярлықтан өткен және тиiстi бiлiктiлiк санатын алған, спорттық iс-шараны ұйымдастырушы спорт түрiнiң қағидаларына және спорттық iс-шараның ережелерiне (регламенттеріне) сәйкес төрелікті қамтамасыз етуге уәкiлеттiк берген жеке адам; 35) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) - халықаралық спорттық жарыстарға даярлықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары; 2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 35-1) тармақшамен толықтырылды 35-1) спорт түрлерін саралау - халықаралық спорттық жарыстардағы спорт жетістіктеріне, спорт түрінің ұлттық-мәдени дәстүрлілігіне, кадр әлеуетінің, материалдық-техникалық базаның болуына, бұқаралығына қарай және өңірдің климаттық жағдайларына байланысты спорт түрінің ерекшеліктеріне қарай спорт түрлерінің даму деңгейін айқындау; 36) Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық штаттық құрама командалар) - Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген қаржылық шарттармен спорттық қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы астында халықаралық спорттық жарыстарға қатысатын спортшылар, жаттықтырушылар, отандық және шетелдік мамандар ұжымдары; 37) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысы - спорт түрi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасына (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командаға) басшылық жасауға, оның даярлығына, қалыптастырылуына және әлем чемпионаттарына, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға қатысуына жауап беретiн жаттықтырушы; 38) спорт түрлерінің тізілімі - Қазақстан Республикасының аумағында дамып отырған спорт түрлері мен спорт салалары туралы қағаз және электрондық жеткізгіштерде тіркелген мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе; 39) спорт түрi - жаттығу ортасы, жарыстастық қызметіндегі дене шынықтыру жаттығуларының немесе интеллектуалдық қабілеттердің жиынтығы және жарыстар қағидалары айырым белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi; 40) спорттағы тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістер (бұдан әрі - допинг) - Допингке қарсы дүниежүзілік ұйымның және Допингке қарсы дүниежүзілік ұйымның халықаралық стандартының тыйым салынған тізіміне енгізілген химиялық қоспалар (заттар, дәрілер) мен әдістер, оның ішінде спортта пайдалануға тыйым салынған субстанциялар және (немесе) әдістер тізбелеріне енгізілген субстанцияларды және (немесе) әдісті пайдалану немесе пайдалануға әрекеттену; 2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 40-1) тармақшамен толықтырылды 40-1) спорттық-бұқаралық іс-шаралар - адамның дене бітімін және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, саламатты өмір салтын насихаттауға бағытталған, спорт құрылыстары мен объектілерінде, сондай-ақ спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған ашық жерлерде өткізілетін, осы іс-шараларда екі жүз және одан көп көрерменнің бір мезгілде болуы көзделетін іс-шаралар; 41) спорттық-бұқаралық iс-шаралардың бірыңғай күнтiзбесi - халықаралық, республикалық және жергілікті деңгейлердегі жыл сайынғы жарыстардың, сондай-ақ жарыстарға дайындық жөніндегі іс-шаралардың тізбесі; 2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 41-1) тармақшамен толықтырылды 41-1) спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған орындар - спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге ыңғайластырылған объектілер мен құрылыстар, сондай-ақ осы мақсаттар үшін арнайы жасалмаған өзге де орындар (демалыс аймақтары, ипподромдар, цирктер, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер); 2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 41-2) тармақшамен толықтырылды 41-2) спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін уақыт - спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарға алғашқы көрермен кірген (келген) кезден бастап іс-шаралар аяқталғанға және осы орындардан соңғы көрермен шыққанға (кеткенге) дейінгі уақыт; 2016.22.01. № 446-V ҚР Заңымен 41-3) тармақшамен толықтырылды 41-3) спорттық-бұқаралық іс-шараны ұйымдастырушы - бастамасы бойынша спорттық-бұқаралық іс-шара өткізілетін жеке немесе заңды тұлға; 42) спорттық жарыс - ұйымдастырушысы бекіткен ереже (регламент) бойынша өткізілетін сайыстың үздік қатысушысын анықтау мақсатында спорт түрі (түрлері) бойынша спортшылар немесе командалар арасындағы сайыс; 43) спорттық қызмет туралы шарт - спортшы, жаттықтырушы немесе дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де маман мен дене шынықтыру-спорт ұйымы арасында жасалатын азаматтық-құқықтық шарт; 44) спорттық іс-шара - спортшылардың, жаттықтырушылардың және дене шынықтыру мен спорт саласындағы мамандардың қатысуымен өткізілетін спорттық жарыс, оқу-жаттығу жиыны; 2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 44-1) тармақшамен толықтырылды 44-1) спорттың басым түрлері - спорт түрлерін саралау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасында спортты дамыту мақсатында мемлекеттік қаржыландыру үшін бірінші кезектегілер ретінде айқындалған спорт түрлері; 45) спорт федерациясы - спорттың бір немесе бірнеше түрін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында немесе қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым; 46) спорт федерацияларын аккредиттеу - Қазақстан Республикасының аумағында спорт түрін (түрлерін) дамыту жөніндегі спорт федерацияларының құқықтылықтарын тану рәсімі; 47) спортшы - спорт түрімен (түрлерімен) жүйелі түрде айналысатын және спорт жарыстарына қатысатын жеке адам; 48) спортшыны жарыстан шығарып тастау - спортшыны спорттық жарыстарға қатысудан шеттету, оны спорт түрінің қағидаларын, спорттық жарыстардың ережелерін (регламенттерін) бұзғаны, допингті пайдаланғаны үшін, халықаралық спорт ұйымдары және (немесе) республикалық спорт федерациялары бекіткен нормаларды бұзғаны үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен спорт саласындағы заңнамасында белгіленген мінез-құлықтың моральдық-этикалық нормалары мен міндеттерді бұзғаны үшін республикалық спорт федерациясы жүзеге асырады; 49) спортшыны тіркеу - спортшыны тіркеу туралы куәлікті бере отырып, федерация өткізетін немесе оның қатысуымен өткізілетін спорттық жарыстарға және өзге де спорттық іс-шараларға қатысу құқығын беру мақсатында спорт түрі бойынша спорт федерациясы спортшының спорттың осы түрімен айналысатынын танитын рәсім; 50) студенттік спорт - жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың дене тәрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға даярлауға бағытталған спорттың бір бөлігі; 51) студенттік спорт лигасы - мақсаты студенттік спортты кеңінен таратуға жәрдемдесу және спорттың түрін (түрлерін) дамыту, студенттермен спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу болып табылатын студенттер арасындағы спорттық қозғалыс; 52) Сурдлимпиадалық ойындар - есту органдары зақымданған мүгедек спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар; 53) сыныптаушы - мүгедек спортшыларды олардың функционалдық мүмкіндіктерінің деңгейіне қарай сыныптауды жүзеге асыратын, жарыстарды ұйымдастырушылар осыған уәкілеттік берген және тиісті құжатпен расталған арнайы даярлықтан өткен жеке тұлға; 54) техникалық және қолданбалы спорт түрлерi - спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып өткізілетін жарыстарға арнайы даярлығын талап ететiн спорт түрлерінің бір бөлiгi; 55) ұлттық спорт түрлерi - жарыспалы әрекет нысанында тарихи түрде қалыптасқан және өзiне тән дене шынықтыру жаттығуларын және дене шынықтыру белсендiлiгi ұйымдастырылуының өзiндiк қағидалары мен тәсiлдерi бар халық ойындарын білдіретін спорт түрлері; 56) Халықаралық арнаулы олимпиадалық ойындар - интеллектуалдық мүмкiндiктері шектеулi мүгедек спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар; 57) халықаралық спорттық жарыстар - шетелдік спортшылар (командалар) қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрi бойынша өтетін сайыстар.
2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың қағидаттары мен міндеттері 1. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат: 1) барлық жеке адамдар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi және олардың жалпыға бірдей қолжетімділігі; 2) халықтың әртүрлi жас топтарына дене тәрбиесiн берудің үздіксіздігі мен сабақтастығы; 3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi; 4) дене шынықтыру-спорттық іс-шаралардың сауықтыру бағыты; 5) дене шынықтырумен, әуесқой және кәсіпқой спортпен айналысуға тең құрмет көрсету; 6) кемсітушілікке тыйым салу және қатігездікті, зорлық-зомбылықты және адамның қадір-қасиетін қорлауды насихаттауға жол бермеу; 7) халықаралық спорттық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктер спортының басымдығы; 8) бейімдік дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдемдесу қағидаттары негізінде жүргiзiледi. 2. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың міндеттері: 1) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау; 2017.11.05. № 65-VІ ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) олимпиадалық емес, олимпиадалық, паралимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін дамыту; 3) дене шынықтыру мен спортты қолдау және ынталандыру; 4) дене шынықтыру және спорт саласын зерттеу үшін ғылыми базаны дамыту; 5) әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ ерікті қызмет қағидатына негізделген олардың құрылымының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға жәрдемдесу болып табылады.
3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясаттың қағидаттары мен міндеттері3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы4-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк қолдау5-бап. Жеке адамдардың дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтары 2-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыретi7-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi8-бап. Жергілікті атқарушы органдардың, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, кент және ауыл әкімдерінің құзыреті9-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау 3-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ ЖҮЙЕСІ10-бап. Дене шынықтыру мен спорт субъектілері11-бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу12-бап. Аккредиттелген спорт федерацияларының құқықтары мен міндеттері13-бап. Ұлттық олимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi13-1-бап. Ұлттық паралимпиадалық қозғалыс. Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиада комитеті14-бап. Сурдлимпиадалық қозғалыс, Арнайы олимпиадалық қозғалыс, сурдлимпиадалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер15-бап. Білім беру ұйымдарындағы дене тәрбиесi және спорт16-бап. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында әскери-қолданбалы, қызметтік-қолданбалы және басқа да спорт түрлерін дамыту17-бап. Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру және спорт18-бап. Халықтың тұрғылықты жерi бойынша және көпшілік демалатын орындардағы дене шынықтыру және спорт19-бап. Бейімдік дене шынықтыру және спорт, мүгедектердің дене бітімін оңалту және оларды әлеуметтік бейімдеу20-бап. Түзеу мекемелеріндегі дене шынықтыру және спорт 4-тарау. ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ДАМЫТУ21-бап. Ұлттық спорт түрлері22-бап. Ұлттық спорт түрлері бойынша бірлестіктерді, спорт клубтарын құру құқығы 5-тарау. СПОРТ РЕЗЕРВІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР СПОРТЫ23-бап. Спортшылардың құқықтары мен міндеттері24-бап. Спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау25-бап. Жоғары дәрежелі спортшылар даярлаудың ерекшеліктері26-бап. Спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама және штаттық құрама командалары және оларды жасақтау тәртібі 6-тарау. КӘСІПҚОЙ СПОРТ27-бап. Кәсіпқой спортпен айналысу құқығы28-бап. Кәсіпқой спортшылар мен жаттықтырушылар, дене шынықтыру мен спорт саласындағы өзге де мамандар құқықтарының кепілдіктері29-бап. Кәсіпқой спорт федерациясының құқықтары мен міндеттері30-бап. Кәсіпқой спорт клубтарының құқықтары мен міндеттері 7-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ТАЛАПТАР31-бап. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының тестілері32-бап. Спортшыны тіркеу туралы куәлік33-бап. Мүгедек спортшыларды сыныптау, паралимпиадалық, сурдлимпиалық және арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша сыныптаушылар мен спорт төрешілерін даярлау34-бап. Спорт түрлерін және спорт салаларын тану. Спорт түрлерінің тізілімі35-бап. Бірыңғай спорттық сыныптама. Жаттықтырушылардың, әдіскерлердің, нұсқаушы-спортшылардың және спорт төрешілерінің біліктілік санаттары36-бап. Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесі37-бап. Спорт түрі бойынша қағидалар38-бап. Спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары39-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорттық жарыстарды және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын сақтау, жеке адамдардың денсаулығын қорғау 8-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫН КАДРЛЫҚ, ҒЫЛЫМИ, МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ДОПИНГ-БАҚЫЛАУ40-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар даярлау41-бап. Жаттықтырушыларды, спорт төрешілерін аттестаттау42-бап. Дене шынықтыру мен спортты дамытуды ғылыми-әдістемелік және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету43-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы медициналық қамтамасыз ету44-бап. Спортта допингті, спортта допингтік субстанцияларды және (немесе) әдістерді пайдалануға қарсы іс-қимыл 9-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР ЖҮЙЕСІ45-бап. Спортшылардың әлеуметтік қорғалуы46-бап. Спортшылар мен жаттықтырушыларды мемлекеттік әлеуметтік қолдау47-бап. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны сатып алу тәртібі48-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен көрсетілетін қызметтер 10-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ49-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздері50-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы демеушілік пен кәсіпкерлік қызмет51-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары52-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының тізілімі 11-тарау. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ53-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы халықаралық ынтымақтастық54-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында ерікті негізде жұмыс жүргізетін ұйымдастырушылар (спорт еріктілері)55-бап. Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың дене шынықтыру мен спорт саласындағы құқықтары 12-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР |