Қазақстан Республикасының (2014.18.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 2 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасы 3-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс процесін құқықтық реттеу принциптері 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті 4-2-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті 5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру салалары 6-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру 7-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру және оның бюджеттік қаражатын пайдалану 8-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау 10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Түпнұсқада мазмұны жоқ
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «жобаларды» деген сөз «әлеуметтік жобаларды» деген сөздермен ауыстырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Осы Заң Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және үкіметтік емес ұйымдарының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруы процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) әлеуметтік бағдарлама - өзара байланысты әлеуметтік жобалар кешені; 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1-1) әлеуметтік жоба - әлеуметтік мәні бар салалардағы мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, бір жыл ішінде және үш жылға дейін іске асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық және техникалық шаралардың жиынтығы; 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға шарт жасасу арқылы бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етілген республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асырудың нысаны; 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға арналған конкурс (бұдан әрі - конкурс) - тапсырыс берушінің үкіметтік емес ұйымдардың жұмыстарын, көрсетілген қызметтерін сатып алуға бағытталған және мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың ықтимал өнім берушілері арасында ашық әрі адал бәсекелестікті қамтамасыз ететін ықтимал өнім берушіні анықтау әдісі; 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі — мемлекеттік орган) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган, оның ішінде орталық атқарушы және жергілікті атқарушы орган; 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды 3-2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы қызметін үйлестіретін мемлекеттік орган; 4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт - тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жасалған шарт; 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімі - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысқан үкіметтік емес ұйымдардың тізбесі; 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушісі (бұдан әрі - өнім беруші) - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыратын үкіметтік емес ұйым; 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды 5-1) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингі — мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау; 6) тапсырыс беруші - республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері; 7) үкіметтік емес ұйым - ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда); 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл және ынтымақтастық жөнiндегi кеңестер - құрамына мүдделi мемлекеттiк органдар мен үкiметтiк емес ұйымдардың өкiлдерi кiретiн, мемлекеттік орган мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылатын консультациялық-кеңесшi органдар; 9) ықтимал өнім беруші - конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйым; 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 10), 11), 12) және 13) тармақшалармен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 10) 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 13) 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс процесін құқықтық реттеу принциптері Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс процесін құқықтық реттеу: 2) Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік бағдарламаларды, әлеуметтік жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру; 3) Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік міндеттерді шешуге қатысуы; 4) үкіметтік емес ұйымдардың конкурсқа қатысуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; 5) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс процесінің жариялылығы мен ашықтығы принциптеріне негізделеді.
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) уәкілетті органды айқындайды; 2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді; 3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін айқындайды; 4) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды; 5) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 4-1-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 4-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган: 1) мемлекеттік органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; 2) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыратын және іске асыратын мемлекеттік органдарға ақпараттық, консультациялық және әдістемелік қолдау көрсетеді; 3) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылу мониторингінің қорытындылары бойынша ақпарат ұсынады; 5) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және (немесе) бекітеді; 6) Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың өнім берушілер тізілімін жүргізуді жүзеге асырады; 7) мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды құрады және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың оларға қол жеткізуін ұйымдастырады; 8) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 4-2-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) 4-2-бап. Мемлекеттік органдардың құзыреті Мемлекеттік органдар: 1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады; 2) үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестерді құрады; 3) уәкілетті органға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың іске асырылуы жөніндегі ақпаратты ұсынады; 4) мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді; 5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру салалары Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мынадай бағыттар: 1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу; 2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау; 4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау; 5) демография проблемаларын шешу; 6) гендерлік проблемаларды шешу; 7) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау; 8) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету; 9) азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу; 10) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; 11) мәдениет пен өнерді дамыту; 12) тарихи-мәдени мұраны қорғау; 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13) қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту; 2012.15.02. № 556-ІV ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметіне жәрдемдесу; 2013.15.04. № 89-V ҚР Заңымен 13-2) тармақшамен толықтырылды 13-2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу; 2014.18.02. № 175-V ҚР Заңымен 13-3) тармақшамен толықтырылды 13-3) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау салдарынан өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасыға) көмек көрсету; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
6-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Осы Заңның 5-бабында көзделген бағыттар бойынша жарғылық мақсаттарға сәйкес қызметті жүзеге асыратын ықтимал өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберіледі. 4. 2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2011.22.12. № 515-ІV ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру және оның бюджеттік қаражатын пайдалану Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру үшін көзделген бюджет қаражаты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шартта белгіленген мақсаттарда және тәртіппен пайдаланылады.
8-бап. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылау Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың орындалуын бақылауды тапсырыс беруші, сондай-ақ өзге де уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады
9-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
10-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы сәуірдің 12-сі. № 36-III ҚРЗ
|