|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы (2024.01.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2024 жылғы 21 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық» холдингі» АҚ) мен «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «Қазына» АҚ) қосу жолымен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қор) құрылсын. ҚР Үкіметінің 2020.14.04. № 202 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталға қатысу үлестері) Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе); 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар; 3) осы қаулыға 3-қосымшаға («қызмет бабында пайдалану үшін» белгісімен) сәйкес Қордың тәуелсіз директорларына берілетін сыйақылардың мөлшері және төлеу шарттары бекітілсін. 3. «Самұрық» холдингі» АҚ мен «Қазына» АҚ заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде өз мүлкіне бағалау жүргізсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) «Самұрық» холдингі» АҚ мен «Қазына» АҚ қосу жолымен қайта ұйымдастыруды; 2) Қор Жарғысын бекітуді; 3) Қорды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. «Kazakhmys PLC» және «Eurasian Natural Resources Corporation PLC» қоспағанда, тізбеде көрсетілген заңды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қордың орналастырылатын акцияларына берілетін акциялардың мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізсін. 6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін «Kasakhmys PLC» және «Eurasian Natural Resources Corporation PLC» акцияларының мемлекеттік пакеттеріне бағалау жүргізуді қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2009.27.07. № 1148 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Қорды тіркеу рәсімдерін жүргізгеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті бір апта мерзімде: 1) осы қаулының 5, 6-тармақтарына сәйкес жүргізілген бағалауды ескере отырып, тізбеде көрсетілген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін Қордың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге беруді; 2) «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін кейіннен Қордың орналастырылатын акцияларын төлеуге бере отырып, Қорға сенімгерлік басқаруға беруді қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2020.14.04. № 202 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8. Осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес құрамда Қордың Директорлар кеңесі сайлансын. ҚР Үкіметінің 2020.14.04. № 202 Қаулысымен 8-1-тармақпен толықтырылды (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); ҚР Үкіметінің 2023.04.10. № 857 Қаулысымен 8-1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-1. Қордың Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі 2024 жылғы 1 қаңтар - 2026 жылғы 31 желтоқсан болып белгіленсін. 9. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне: 1) он күн мерзімде - Қор қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумның жобасын; 2) бір апта мерзімде - жоғарыда аталған Жарлыққа және осы қаулыға сәйкес Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын енгізсін. 10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2020.14.04. № 202 Қаулысымен тізбенің жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 1-қосымша
Акцияларының мемлекеттік пакеттері (жарғылық капиталдардағы қатысу үлестері) «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларына ақы төлеуге берілетін заңды тұлғалардың тізбесі
ҚР Үкіметінің 2020.14.04. № 202 Қаулысымен тізбенің жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлімде: реттік нөмірлері 21-70, 21-71 және 21-85-жолдар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-109-жолмен толықтырылсын: «21-109. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ»; «Алматы облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 38-4-жол («Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ) алып тасталсын; «Ақтөбе облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 133-5-жол алып тасталсын; «Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 165-14-жол алып тасталсын; «Қостанай облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 229-10-жол («Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ) алып тасталсын; «Маңғыстау облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 236-8-жол алып тасталсын; «Оңтүстік Қазақстан облысы» деген бөлімде реттік нөмірі 298-жол («Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ) алып тасталсын. 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 5-жол алып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірлері 217-8 және 217-9-жолдар алып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірлері 237-19, 237-26, 237-27, 237-28, 237-29, 237-30, 237-31 және 237-32-жолдар алып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне» деген бөлімде реттік нөмірі 268-3-жол алып тасталсын. 3. ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2014.24.09. № 1011 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Қазақстан ипотекалық компаниясы» акционерлік қоғамы» және «Қазақстандық ипотекалық кредиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы» деген жолдар алып тасталсын.
ҚР Үкіметінің 2020.14.04. № 202 Қаулысымен 3-қосымша жаңа редакцияда (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 3-қосымша
қызмет бабында пайдалану үшін
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының тәуелсіз директорларына берілетін сыйақылардың мөлшері және төлеу шарттары
ҚР Үкіметінің 2009.27.05. № 785 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.15.03. Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.12.04. № 410 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.02.02. № 194 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.04.10. № 1256 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1493 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.29.12. № 1113 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.17.05. № 294 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.09. № 551 Қаулысымен (2016 ж. 9 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.25.01. № 14 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.16.01. № 16 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.27.03. № 144 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.09.11. № 734 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.12.12. № 822 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.07.03. № 91 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.03.04. № 156 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.31.12. № 1058 Қаулысымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.06.12. № 907 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.14.04. № 202 Қаулысымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.09.07. № 431 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.11.06. № 403 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.28.01. № 34 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.01.07. № 457 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2023.16.01. № 19 Қаулысымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2023.17.08. № 700 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.04.10. № 857 Қаулысымен (бұр.ред.қара) қосымша өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына 4-қосымша
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |