Курчатов қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы (2024.26.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 73, 75 - баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 - бабы 1- тармағы 1) тармақшасына, шешіміне сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШТІ: Абай облысы Курчатов қалалық мәслихатының 2024.30.04. № 17/106-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.26.09. № 21/130-VIII шешімімен (2024 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Курчатов қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 2 761 185,2 мың теңге: салықтық түсімдер - 1 931 086,0 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 9 691,0 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 34 400,0 мың теңге; трансферттер түсімі - 786 008,2 мың теңге; 2) шығындар - 3 084 264,3 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - -94 864,0 мың теңге: бюджеттік кредиттер - 0,0 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 94 864,0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге: қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге; мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -228 215,1 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 228 215,1 мың теңге: қарыздар түсімі - 0,0 мың теңге; қарыздарды өтеу - 94 864,0 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 323 079,1 мың теңге. 2. Қала бюджетіне Абай облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы № 11/80-VIII «2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешімімен белгіленген әлеуметтік салық, төлем көзінен салық салынатын табыстардан жеке табыс салығы бойынша кірістерді бөлу нормативі 2023 жылға 100 пайыз мөлшерінде орындауға қабылдансын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|