|
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 620 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 597 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында: 6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Комиссия уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінен, ғалымдардан, шығармашыл қызметкерлерден, қоғам қайраткерлерінен, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелерінен, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардан құрылады.»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі; мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын: «5-1) банктік шоттың болуы туралы анықтаманың көшірмесі;»; 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Сыйлыққа ие болған адамдарға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы тапсырылады.»; 16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: «Уәкілетті орган тиісті жылдың жиырмасыншы желтоқсанынан кешіктірілмейтін мерзімде ақшалай сыйлықақыны сыйлық лауреатының банктік шотына аударады.»; көрсетілген қағидаларға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 22 мамырдағы № 340 қаулысына қосымша
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларына қосымша
Нысан
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|