ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР Премьер-Министрінің 2025 жылғы 7 ақпандағы № 39-ө Өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Сот приставтары туралы» 1997 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
6-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай емес адам сот приставы бола алмайды.».
2. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 4-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
2) 131-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сай емес адам мемлекеттік сот орындаушысы бола алмайды.»;
3) 140-баптың 2-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жеке сот орындаушысының өкілеттіктерін бергенге дейін үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;».
3. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
1), 1-1) және 1-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ақпараттық автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе) - құқық қорғау қызметіне кіру мәселелері бойынша жоспарлауға, іріктеуге (құжаттарды қабылдауға) және персоналды басқаруға байланысты қызметті автоматтандыруға арналған ақпаратты, жинауды, сақтауды, беруді және өңдеуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-аппараттық кешен;
1-1) алғашқы кәсіптік даярлық - құқық қорғау органдарына қызметке кіріп жатқан адамдар үшін кәсіптік дағдылар алуға бағытталған кәсіптік оқыту нысаны;
1-2) аттестаттаудан кейінгі дамыту - құқық қорғау органы қызметкерін аттестаттау нәтижелері бойынша оның дара кәсіби өзін-өзі даярлауын ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:
«1-3) ауыстыру - қызметкердің лауазымдық жағдайы мен функционалдық міндеттерінің өзгеруі;»;
3-1) және 4-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) - құқық қорғау органының ақпараттық кадр жүйесі арқылы қалыптастырылған, қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің қалыптасқан сандық мәні (өлшемшарттар);»;
«4-1) ведомстволық деректер банкі - құқық қорғау органының бос лауазымға орналасуға резервке қойылған қызметке кандидаттар туралы мәліметтер қамтылатын ақпараттық базасы;»;
5) және 6-1) тармақшалар алып тасталсын;
11-2) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11-2) полиграфологиялық зерттеу-адамның жекелеген физиологиялық реакцияларын арнаулы датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сауалнама жүргізу рәсімі;»;
«15) тәртіптік теріс қылық - қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі атқармауы немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бұзуы, сол сияқты құқық қорғау қызметінде болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтамауы;»;
2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
3) 5-1-бапта:
6) тармақшадағы «қызметін бағалауды,» деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақшадағы «бағалау,» деген сөз алып тасталсын;
4) 6-баптың 2-тармағында:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;»;
9) тармақша мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші теріс себептермен қызметтен шығару және өкілеттігін тоқтату бөлігінде:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;
қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған адамға қолданылмайды, ол осындай шығарудан кейін екі жыл өткен соң құқық қорғау қызметіне кіруге құқылы.
3-тармақтың 4) тармақшасының сегізінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Адамды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның шығыстарының өз кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстан шығарылғаннан немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылғаннан, сол сияқты өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін екі жыл ішінде құқық қорғау қызметіне қабылдауға болмайды.»;
5) 7-бапта:
2-тармақта:
екінші бөліктегі «кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші» деген сөздер «қызметке кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтингі)» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Кәсіптік құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді», «көрсеткішін» деген сөздер тиісінше «Қызметке кандидаттың кәсіптік құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін», «көрсеткішін (цифрлық рейтингін)» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ «бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін» деген сөздерден кейін «(цифрлық рейтингін)» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 7-1-бапта:
1-тармақтағы «келісу бойынша және (немесе) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтың 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтары 2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан ақпараттық автоматтандырылған дерекқор (ақпараттық жүйе) арқылы құжаттар қабылдау;»;
7) 16-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы «органдары» деген сөзден кейін «, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметі» деген сөздермен толықтырылсын;
8) 27-бапта:
1-тармақ 2) тармақшасындағы «басшысы тәртіптік жазалау шарасы ретінде қолданады.» деген сөздер «басшысы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жоғары басшы құрам атағындағы қызметкерлерге - Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті тәртіптік жазалау шарасы ретінде қолданады.»;
3-тармақта:
екінші бөлік «төмендетілген» деген сөзден кейін «(жоғары басшы құрамнан басқа)» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жоғары басшы құрамның бұрынғы арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті жүргізеді.»;
9) 29-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі «уәкілетті басшы» деген сөздерден кейін «тағайындалатын адамның психологиялық, іскерлік және жеке қасиеттерін және қызметтік жұмыс нәтижелерін ескере отырып» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 30-бап мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:
«8. Қызметкерлер жоғары тұрған басшылық лауазымдарға өсіру кезінде полиграфологиялық зерттеуден өтеді.»;
11) 31-бапта:
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «бес жылда» деген сөздер «үш жылда» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «құқық қорғау органының басшысы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Президенті» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 33-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік «сондай-ақ» деген сөзден кейін «психологиялық,» деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну аттестаттау не жоспардан тыс немесе кезектен тыс аттестаттау нәтижелері бойынша жоғары тұрған басшылық лауазымдарға өсіруге ұсынылған қызметкерлер қатарынан бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтингі) негізінде не конкурстық негізде жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қызметкердің бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.»;
13) 33-1, 34 және 35-баптар алып тасталсын;
14) 36-бапта:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы «және іскерлік қасиеттерін» деген сөздер «, психологиялық, іскерлік және жеке қасиеттерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «қызметкерді кадр резервіне қоюға» деген сөздер «қызметкерді жоғары тұрған лауазымға өсіруге» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Кәсіптік дағдыларды, басқару құзыреттілігін жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын лауазымға орналасуға үміткер кандидаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы және прокуратура органдарының білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында кәсіптік қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтеді.»;
15) 37 және 46-2-баптар алып тасталсын;
16) 47-бапта:
3-тармақта:
бірінші бөлікте:
«не қызметті бағалау нәтижелері бойынша» деген сөздер алып тасталсын;
«не қызметті бағалау жүргізілген» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөлікте «қызметін бағалау нәтижелері бойынша аттестаттаудан өтетін қызметкерлерді қоспағанда,» деген сөздер алып тасталсын;
5-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) және 3-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«3-2) қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді;
3-3) құқық қорғау органы басшысының шешімімен полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;»;
17) 47-1-бапта:
1-тармақ «тәртібін,» деген сөзден кейін «кезеңдерін,» деген сөзбен толықтырылсын;
2, 3 және 4-тармақтар алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кезектен тыс аттестаттаудан өтуден бас тартқан не дәлелді себепсіз кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) құқық қорғау органдарында өзге де, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда қызметті жалғастырудан бас тартқан құқық қорғау органдары қызметкерлері осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылуға тиіс.»;
18) мынадай мазмұндағы 47-2-баппен толықтырылсын:
«47-2-бап. Жоспардан тыс аттестаттау
1. Қызметкерді жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіру мәселесін шешу үшін жоспардан тыс аттестаттау өткізіледі.
2. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу тәртібін, кезеңдерін және мерзімдерін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
3. Жоспардан тыс аттестаттаудың қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
1) жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіруге ұсынылады;
2) жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіруге ұсынылмайды.»;
19) 48-баптың 2-тармағында:
бірінші бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) тестілеуді, психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеуді, ал қажет болғанда полиграфологиялық зерттеуді өткізу мерзімдері мен орнын айқындауды;»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізудің тәртібі мен әдістері құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі.»;
20) 50-бапта:
1 және 2-тармақтар алып тасталсын;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) атқаратын лауазымына сай келеді және жоғары тұрған немесе жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіруге ұсынылады;»;
6-1-тармақ алып тасталсын;
21) 52-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«52-бап. Аттестаттау комиссиясының шешімі
Аттестаттау комиссиясының шешімі қызметкерді жоғары тұрған немесе жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіру, қызметкердің лауазымын төмендету немесе оны қызметтен шығару үшін негіз болып табылады.
Аттестаттау комиссиясының атқаратын лауазымына сай еместігі туралы шешімі мынадай негіздердің бірі немесе бірнешеуі ескеріле отырып қабылданады:
1) аттестатталатын қызметкердің тікелей басшысы дайындаған, аттестаттау бойынша алдын ала тұжырымы мен ұсынымы бар қызметтік мінездеме, онда лауазымдық міндеттерін орындамауының немесе тиісінше орындамауының нақты фактілері көрсетіледі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуді және логикалық ойлауды компьютермен тестілеудің құқық қорғау органдары басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шекті мәннен төмен нәтижесі (нәтижелері);
3) құқық қорғау органдары басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген кәсіптік жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді орындамау;
4) жүргізілген психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижесі бойынша қорытынды;
5) аттестаттау комиссиясы қызметкермен өткізген әңгімелесудің нәтижелері.»;
22) 53-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Қажет болғанда аталған бағдарламаға психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу нәтижелері бойынша ұсынымдар енгізіледі.»;
23) 57-бапта:
10-тармақтың үшінші бөлігі «бұзғаны үшін» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бұзғаны үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жаза қолдану мерзімінің қолданысы арнаулы атағын немесе сыныптық шенін бір сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жазаны қолдану туралы мәселені қарау үшін жоғары басшы құрамға қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдарын Қазақстан Республикасының Президентіне жіберу кезеңіне тоқтатыла тұрады.»;
24) 84-баптың үшінші бөлігіндегі «33-1,» деген цифрлар алып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
2) 7-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, қызметке тұрар алдындағы алты жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;»;
6-1) тармақшадағы «үш» деген сөз «алты» деген сөзбен ауыстырылсын;
9) тармақшада:
«, соттардан және әділет органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған;» деген сөздер «теріс себептермен шығарылған, сондай-ақ судья өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқан адам қабылданбайды.» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші теріс себептермен қызметтен шығару және өкілеттігін тоқтату бөлігінде:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;
қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған адамға қолданылмайды, ол осындай шығарудан кейін бес жыл өткен соң арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіруге құқылы;»;
3) 27-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жоғары офицерлік құрамға - Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті;»;
4) 28-бапта:
1-тармақтың 1) тармақшасындағы «Қазақстан» деген сөз «Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақта:
бірінші бөлік «Арнаулы атағы төмендетілген» деген сөздерден кейін «(жоғары офицерлік құрамнан басқа)» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөлікте:
«жауаптылыққа тарту туралы бұйрық шыққан күннен» деген сөздер «жауаптылыққа тарту күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қалпына келтіру туралы бұйрық шыққан күннен» деген сөздер «қалпына келтіру күнінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жоғары офицерлік құрамның бұрынғы арнаулы атағын қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті жүргізеді.»;
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қызметкерлерді арнаулы атақтарынан айыруды:
1) жоғары офицерлік құрамға қатысты - Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті;
2) полковникке қатысты - арнаулы мемлекеттік органның бірінші басшысы;
3) өзге де арнаулы атақтарға қатысты - лауазымдар номенклатурасына сәйкес арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындаған лауазымды адамдар жүзеге асырады.»;
5) 65-баптың 21-тармағы мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Жоғары офицерлік құрамға қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдары, сондай-ақ арнаулы атағын бір сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жазаны қолдану мәселесін қарау туралы өтінішхат Қазақстан Республикасының Президентіне жіберіледі.»;
6) 68-баптың 4-тармағының бесінші бөлігі 4) тармақшасындағы «жасаған жағдайларда тоқтатыла тұрады.» деген сөздер «жасаған;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) арнаулы атағын бір сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жазаны қолдану туралы мәселені қарау үшін жоғары офицерлік құрамға қатысты қызметтік тергеп-тексеру материалдары Қазақстан Республикасының Президентіне жіберілген жағдайларда тоқтатыла тұрады.».
5. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 35-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
3) 20-бапта:
бірінші бөлік:
«әскери міндеттілерге» деген сөздерден кейін «, оның ішінде жоғары офицерлер құрамына» деген сөздермен толықтырылсын;
«төмендету,» деген сөзден кейін «қалпына келтіру,» деген сөздермен толықтырылсын;
үшінші бөлік алып тасталсын;
4) 26-1-бап алып тасталсын;
5) 38-баптың 2-тармағында:
бірінші бөлікте:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, әскери қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;»;
11) тармақшада:
«, соттардан және әділет органдарынан теріс уәждер бойынша шығарылған;» деген сөздер «теріс себептермен шығарылған, сондай-ақ судья өкілеттігін теріс себептермен тоқтатқан адам қабылданбайды.» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
«Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына қарай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;
қатарынан үш және одан да көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған адамға қолданылмайды, ол осындай шығарудан кейін екі жыл өткен соң әскери қызметке кіруге құқылы.
5-тармақтың 5) тармақшасының он бірінші абзацы 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі
Адамды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның шығыстарының өз кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстан шығарылғаннан немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылғаннан, сол сияқты өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін екі жыл ішінде құқық қорғау қызметіне қабылдауға болмайды.
Адамдар Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына әскери қызметке «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып кіреді;»;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардың кез келгенінің болуы әскери қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.».
6. «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына:
9-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың полиция департаменті бастығын лауазымға тағайындайды;».
7. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 2-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Заңнан басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.»;
2) 16-бапта:
3-тармақта:
5) тармақшадағы «осы Заңда» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6), 7) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы екі жыл ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін қызметтен шығарылған, сондай-ақ мемлекеттік қызметке кірер алдындағы бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе қызметтік әдепті сақтамағаны үшін қызметтен шығарылған;»;
«7) активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін мемлекеттік қызметші ретінде алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;»;
«9) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе мемлекеттік қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) мемлекеттік қызметке кірер алдындағы бес жыл ішінде онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе мемлекеттік қызметке кірер алдындағы бес жыл ішінде онша ауыр емес қылмыс жасағаны үшін өзіне қатысты қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексі 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;