Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығына 5-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 20 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары
1. Осы «I санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Iсанаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін белгілейді. 2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетімен оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 3. Қызмет жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі
4. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге электрондық үкіметтің www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы өтініш береді: 1) мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын алу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қағидасының 1-қосымшасына сәйкес, нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы І санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу үшін өтінім; қоршаған ортаға әсер ететін межелі қызметтің жоба алдындағы құжаттамасы жағдайында мынадай құрамда: қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|