2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Осы редакция 2022 жылғы 4 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, 75 бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы, 1 тармағының 1 тармақшасына сәйкес Кентау қалалық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Кентау қаласының 2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджеті 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2022 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер –25 266 080 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер – 934 122 мың теңге; салықтық емес түсiмдер – 70 021 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –0 теңге; трансферттер түсiмi –24 261 937 мың теңге; 2) шығындар – 25 266 080 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредиттеу – - 2 811 мың теңге; бюджеттік кредиттер – 9 189 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу – 12 000 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – 2 811 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)– - 2811 мың теңге; қарыздар түсімі – 9 189 мың теңге; қарыздарды өтеу – 12 000 мың теңге; бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 тенге. 2. 2022 жылы салық түсімдерінен қаланың бюджетіне корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 50 пайыз аударылатын болып және облыстық бюджеттен қаланың бюджетіне берілетін бюджеттік субвенциялар 19 021 178 мың теңге көлемінде бекітілсін. 3. Қала әкімдігінің 2022 жылға арналған резерві 20 000 мың теңге сомасында белгіленсін. 4. 2022 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсімдер көлемі 500 мың теңге болып 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|