Әйтеке би аудандық мәслихатының 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 «Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2024 жылғы 13 маусымдағы № 225 шешімімен күші жойылды
Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Әйтеке би аудандық мәслихатының «Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 9 маусымдағы № 132 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5597 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін: жоғарыда аталған шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Әйтеке би аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»; көрсетілген шешіммен бекітілген Әйтеке би ауданында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары, осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, осы шешімнің қосымшасындағы 5-тармақтың 1) тармақшасы 2023 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|