«Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 34-бабы 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Сайлау қорларының қаражатын жұмсаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 7 тамыздағы № 19/222 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 870 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Арнаулы уақытша шот ашу және сайлау қорының қаражатын жұмсау қағидалары бекітілсін.»; аталған қаулымен бекітілген Сайлау қорларының қаражатын жұмсау ережесі осы қаулыға қосымшаға сай жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін; 3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|