Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидаларын бекіту туралы (2024.16.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Цифрлық майнинг бойынша қызметті лицензиялау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидаларға 3-қосымшаның 7-тармағын, 9-тармағының 3) тармақшасын және 10-тармағының 2) тармақшасын және 11-қосымшаның 1-тармағының 4) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|