Осы редакция 2018 жылғы 6 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 368/13 қаулысымен бекітілді
Павлодар облыстық әкімдігінің 2016.25.02. № 71/2 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Бірегей және элиталық тұқымдар, бірінші, екіншi және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (2016.25.02. берілген өзгерістермен)
1. «Бірегей және элиталық тұқым, бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқым өндірушілерді, тұқым өткізушілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет)»Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) тұлғасында жергілікті атқарушы орган көрсетеді. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация); 3) «лектрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі аттестаттау туралы куәлік болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде. Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының»жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында жолданады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште алуға жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|