«2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «2020 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 21, 197-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы»; 1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «1. 2021 жылғы 1 - 30 қазан аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы өткізілсін. 2. Қоса беріліп отырған 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.»; 4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүктесін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 587 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысымен бекітілген
2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|