Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2020 жылғы 22 мамырдағы № 117 бұйрығығына 4-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 29 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары
1. Осы «Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 10 бабы 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. 2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. 3. Қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы осы Қағидаларға 1 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жолдайды. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: осы Қағидалардың 2 - қосымшаға сәйкес «Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 1 және 2-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері; өтініш берген кезде өтініш берушінің атынан әрекет ететін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, егер мұндай тұлға өтініш беруші болып тағайындалса; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|