|
Алматы қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы (2024.29.11. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 8-бабы 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 7-баптарына, «2024 - 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ: VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының XV сессиясының 2024.29.03. № 101 шешiмiмен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XIX сессиясының 2024.13.06. № 131 шешiмiмен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Алматы қаласы мәслихатының кезекті XXII сессиясының 2024.28.08. № 148 шешiмiмен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); Алматы қаласы мәслихатының кезекті XXIV сессиясының 2024.29.11. № 173 шешiмiмен (2024 ж. 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Алматы қаласының 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2024 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер - 1 513 894 875,8 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер - 1 383 083 916,9 мың теңге; салықтық емес түсімдер - 18 364 447,9 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 8 961 184 мың теңге; трансферттер түсімдері - 103 485 327 мың теңге; 2) шығындар - 1 673 066 256,9 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 21 518 751 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 21 342 274 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 22 062 274 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - -202 032 406,1 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) - 202 032 406,1 мың теңге. 2. Алматы қаласы бюджетінің кірістері мынадай салықтар мен алымдар есебінен құралады деп белгіленсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|