Тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуындағы тексеру парағын бекіту туралы (2023.01.01. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 138 - бабының 64) тармақшасына, 141, 143 - баптарына, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 18 наурыздағы Заңының 22-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. Қоса беріліп отырған тауар белгісінің, қызмет көрсету белгісінің, тауар шығарылған жер атауының немесе фирмалық атаудың пайдаланылуындағы тексеру парағы бекітілсін. 2. «Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану саласындағы тексеру парағын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 647 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 834 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 12690 тіркелген, «Әділет» АҚЖ 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын; 3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|