Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2017 жылғы 4 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» құқықтық-ақпараттық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қаржы министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 118 бұйрығымен бекітілген
Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидалары
1. Осы Биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар) «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 7-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленген және биоотын айналымы бойынша декларацияны ұсыну тәртібі мен мерзімдерін айқындайды. 2. Биоотын айналымы бойынша қызметін жүзеге асырушы жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысаны бойынша «Биоотын айналымының теңгерімі» биоотын айналымы бойынша декларацияны (бұдан әрі - декларация) аталған қызметті жүзеге асыру орны бойынша мемлекеттік кірістер органына ұсынады. 3. Декларация мемлекеттік кірістер органына ай сайын есептіден кейінгі айдың 20 күніне дейін ұсынылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|