|
Қарағанды қаласының 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы (2018.13.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 22 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ: Қарағанды қалалық мәслихатының 2018.13.02. VI шақырылған XXII сессиясының № 257 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қаланың 2018-2020 жылдарға арналған, оның ішінде 2018 жылға арналған бюджеті тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер -53 368 835 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер бойынша - 33 557 991 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша -3 356 490 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша -1 367 849 мың теңге; трансферттердің түсімдері - 15 086 505 мың теңге; 2) шығындар - 54 354 134 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу - 5 842 633 мың теңге, оның ішінде: бюджеттік кредиттер - 5 842 633 мың теңге; бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге; 4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - минус 56 610 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу - 0 мың теңге; мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 56 610 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) - минус 6 771 322 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 771 322 мың теңге, оның ішінде: қарыздар түсімдері - 5 842 633 мың теңге; қарыздарды өтеу - 887 849 мың теңге; бюджеттік қаражаттың пайдаланылатын қалдықтары - 1 816 538 мың теңге. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|