|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне нотариат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 2 наурыздағы № 43-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. «Нотариат туралы» 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 206-құжат; 1998 ж., № 22, 307-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 48-құжат; № 12, 86-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 21, 172-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 84-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2020 ж., № 12, 61, 63-құжаттар; № 13, 67-құжат; № 14, 68, 75-құжаттар): 1) 3-бапта: мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Нотариаттық әрекетті жасау немесе нотариусқа, уәкілетті лауазымды адамға өтініш білдіру кезінде алынған, оның ішінде жеке мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттер туралы мәліметтер нотариаттық құпия болып табылады.»; 4-1 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «4-1. Нотариаттық құпияны сақтау міндеті нотариустардың тағылымдамадан өтушілеріне, көмекшілеріне, куәға, аудармашыға, азаматтың дене кемістігі, ауруы немесе сауатсыздығы салдарынан оның орнына нотариаттық құжатқа қол қойған адамға, сондай-ақ нотариаттық палаталардың жұмыскерлеріне және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдарға қолданылады.»; «7. Нотариаттық құпияны жария ететін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.»; мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын: «10. Мыналар нотариаттық құпияны жария ету болып табылмайды: 1) Республикалық нотариаттық палатаның немесе бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің интернет-ресурсында мынадай: сенімхаттар (сенімхатты куәландырған тұлға, сенімхаттың куәландырылған күні, оның бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізіліміндегі тіркеу нөмірі, егер сенімхаттың күші жойылған жағдайда, сенімхаттың күші жойылғаны туралы мәліметтерді осы тізілімге енгізу күні мен уақыты туралы мәліметтер); ашылған мұрагерлік істер (мұра қалдырушы, оның қайтыс болған күні туралы мәліметтер, мұрагерлік істі жүргізетін нотариус туралы мәліметтер); нотариус жасаған атқарушылық жазбалар (атқарушылық жазбаны жасау күні, атқарушылық жазбаны жасаған нотариус туралы мәліметтер) бойынша мәліметтерді орналастыру; 2) осы Заңда көзделген мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге енгізу; 3) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мақсаттарда және тәртіппен, қаржы мониторингін жүзеге асыратын және кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) қарсы іс-қимыл жөніндегі өзге де шараларды қабылдайтын мемлекеттік органға нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну, сондай-ақ нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесін «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберу; 4) салықтардың және бюджетке төленетін төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органға нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген нысан бойынша, тәртіппен және мерзімдерде ұсыну; 5) зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді ұсыну; 6) мұраның ашылғаны туралы мәліметтерді мұрагерлерге хабарлау.»; 1-тармақтың 2) тармақшасы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2) 4-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Электрондық нысандағы нотариаттық құжаттарды уақытша сақтауды, есепке алу мен пайдалануды қамтамасыз ететін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің құрамдасы нотариаттық электрондық репозиторий болып табылады. Электрондық нысандағы нотариаттық құжаттарды жинауға, сатып алуға, жиынтықтауға, ретке келтіруге, сақтауға, есепке алу мен пайдалануға арналған орталықтандырылған ақпараттық жүйе нотариаттық электрондық архив болып табылады.»; 3) 4-1-бап мынадай редакцияда жазылсын: «4-1-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе 1. Нотариаттық қызмет туралы мәліметтерді жинау, өңдеу процестерін автоматтандыруға және ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе болып табылады. 2. Жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтер мен осы Заңда көзделген өзге де мәліметтер бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге енгізіледі. 1-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 3. Нотариаттық әрекеттер жасау туралы мәліметтер мен осы Заңда көзделген өзге де мәліметтер нотариаттық электрондық репозиторийде уақытша сақтауға орналастырылуға тиіс және белгіленген мерзім өткеннен кейін нотариаттық электрондық архивке берілуге тиіс. 4. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге қолжетімділік нотариустардан бөлек, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілеттік берілген адамдарға беріледі. Нотариустар және бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде қамтылған мәліметтерге қолжетімділік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген басқа да адамдар және қолдап отыру мен жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын адамдар осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға осындай жүйеде қамтылған мәліметтерді ашпауға және таратпауға міндетті. 5. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде қамтылған мәліметтерді қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 6. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. 7. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе Республикалық нотариаттық палатаның, нотариаттық палаталар мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ақпаратты жинауы мен талдауы үшін қолданылуы мүмкін.»; 4) мынадай мазмұндағы 4-2, 4-3 және 4-4-баптармен толықтырылсын: «4-2-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің мазмұны 1. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе: 1) нотариаттық әрекеттердің электрондық тізілімінен; 2) мұрагерлік істер тізілімінен; 3) өсиеттерді есепке алу тізілімінен; 1-тармақтың 4) тармақшасының жетінші абзацы 2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4) нотариаттық электрондық репозиторийден тұрады. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде нотариаттық қызметке қатысты өзге де мәліметтер, оның ішінде ақпараттық, қосалқы, анықтамалық-талдамалық сипаттағы мәліметтер қамтылады. 2. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің тізілімдерін жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. 3. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің осы Заңда көзделген тізілімдерінің жұмыс істеуі туралы есептілікті ұсыну нысанын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді. 4-3-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізу 1. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізуді нотариустар жүзеге асырады. Нотариустар бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге мынадай: 1) нотариаттық әрекеттерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде тіркеу кезінде олардың жасалғаны туралы мәліметтерді енгізуге міндетті. Сенімхатты куәландыру немесе оның күшін жою бойынша нотариаттық әрекетті бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде тіркеу кезінде нотариустар бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге сенімхаттың электрондық үлгісін (электрондық нұсқасын) енгізуге міндетті; 2) мұрагерлік істі жүргізуге негіз болып табылатын өтініштер келіп түскен кезде мұраның ашылғаны туралы; 3) өсиеттердің есепке алынғаны туралы мәліметтерді; 4) осы Заңның 4-2-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес өзге де мәліметтерді енгізуге міндетті. 2. Нотариаттық әрекеттер жасалғаны туралы мәліметтерді нотариус бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізіліміне дереу енгізеді. 3. Мұраның ашылғаны туралы мәліметтерді нотариус тиісті өтініштер келіп түскеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің мұрагерлік істер тізіліміне енгізеді. 4-4-бап. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде қамтылған мәліметтерді ұсыну 1. Адамдар өзіне қатысты мынадай: 1) куәландырылған сенімхат (сенімхатты куәландырған тұлға, сенімхаттың куәландырылған күні, оның бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізіліміндегі тіркеу нөмірі, егер сенімхаттың күші жойылған жағдайда, сенімхаттың күші жойылғаны туралы мәліметтерді осы тізілімге енгізу күні және уақыты туралы мәліметтер); 2) ашылған мұрагерлік істер (мұра қалдырушы, оның қайтыс болған күні туралы мәліметтер, мұрагерлік істі жүргізетін нотариус туралы мәліметтер); 3) нотариус жасаған атқарушылық жазбалар (атқарушылық жазбаны жасау күні, атқарушылық жазбаны жасаған нотариус туралы мәліметтер) туралы мәліметтерді өтеусіз негізде алуға құқылы. 2. Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде қамтылған және нотариаттық әрекетті жасауға немесе нотариаттық құжаттың жарамдылығын тексеруге қажетті мәліметтер нотариустарға олардың бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы берілген сұрау салулары бойынша ұсынылады. Өзіне қатысты бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің нотариаттық әрекеттер электрондық тізілімінде қамтылатын мәліметтер сұратылып отырған адамға сұрау салу фактісі туралы электрондық хабарлама жіберіледі. 1-тармақтың 4) тармақшасының жиырма сегізінші абзацының қолданысы 2021 ж. 1 шілдеге дейін тоқтатылды, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац 2-баптың 2-тармағының редакциясында қолданылды 3. Қазақстан Республикасының құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдарының және сот орындаушыларының қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер, іздестіру істері, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер және атқарушылық іс жүргізу шеңберінде ақпарат алуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»; 5) 7-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «9. Тағылымдамадан өту нотариустардың тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Тағылымдамадан өтушілерді кәсіптік даярлау бағдарламасы барлық тағылымдамадан өтушілер үшін міндетті болып табылады және онда нотариустың кәсіби және әдеп нормаларын зерделеуді, нотариустар үшін немесе тағылымдамадан өтушілер үшін арнайы ұйымдастырылатын семинар сабақтарына қатысуды қоса алғанда, тағылымдамадан өтушінің арнайы теориялық білім алуына, нотариаттық әрекеттерді жасау және нотариустың жұмысын ұйымдастыру бойынша практикалық дағдыларды меңгеруіне бағытталған іс-шаралар тізбесі қамтылуға тиіс.»; 6) 7-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «айналысуға» деген сөз «айналысу құқығына» деген сөздермен ауыстырылсын; 7) 7-2-баптың 1-тармағындағы «айналысуға» деген сөз «айналысу құқығына» деген сөздермен ауыстырылсын; 8) 8-баптың 1-тармағындағы «нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер» деген сөздер «жекеше нотариусқа нотариаттық әрекеттер» деген сөздермен ауыстырылсын; 9) 10-бапта: 2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «8) осы Заңның 19 және 46-баптарында көзделген шектеулер сақталмаған;» 3-тармақта: екінші сөйлем алып тасталсын; үшінші сөйлем «Тоқтата тұруға себеп болған» деген сөздерден кейін «, осы баптың 2-тармағында көзделген» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Осы баптың 2-1-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатыла тұрған нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын қайта бастау нотариустың өтініші бойынша лицензиардың шешімі негізінде күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады.»; 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «5. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастау туралы шешім лицензиардың интернет-ресурсында орналастырылады. Қабылданған шешім туралы нотариус, нотариаттық палата хабардар етіледі. 6. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру немесе қайта бастаудан бас тарту туралы шешімге сотқа шағым жасалуы мүмкін.»; 7-тармақтағы «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі қағидада» деген сөздер «Қағидаларда» деген сөзбен ауыстырылсын; 10) 15-баптың 4-тармағында: бірінші бөліктегі «нотариаттық іс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын» деген сөздер «нотариаттық құпияны» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші бөлік «Нотариус» деген сөзден кейін «нотариаттық палатаның мүшелігіне кірген күннен бастап бір ай ішінде» деген сөздермен толықтырылсын; 11) 17-бапта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) консультация беруді жүзеге асыруға;»; 4) тармақша алып тасталсын; 9) тармақшадағы «(тағайындалуға) құқылы.» деген сөздер «(тағайындалуға);» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын: «10) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер алуға құқылы.»; 12) мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын: «17-1-бап. Консультация беру Нотариустың жеке және заңды тұлғаларға: 1) нотариаттық әрекеттер жасауға тікелей байланысты емес құқықтық сипаттағы ауызша және жазбаша консультациялар жүргізу; 2) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес мәмілелер жобаларын, өтініштер мен басқа да құжаттарды жасау нысанында өтеулі негізде заң көмегін көрсетуі консультация беру болып табылады.»; 13) 18-бапта: 1-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Нотариус:»; мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын: «3-1) жасалған нотариаттық әрекеттер туралы мәліметтерді және осы Заңда көзделген өзге де мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге уақтылы енгізуге; 3-2) бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйемен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын сақтауға;»; 7) тармақшадағы «Нотариаттық іс жүргізу жөніндегі қағидада» деген сөздер «Қағидаларда» деген сөзбен ауыстырылсын; 2 және 3-тармақтар алып тасталсын; 14) 21-бапта: 1-тармақтың 14) тармақшасының екінші абзацы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 3-тармақтағы «, сондай-ақ 54-бапта» деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақтың үшінші бөлігіндегі «нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде» деген сөздер «нотариаттық әрекеттерді тіркеу тізілімінде (оның ішінде нотариаттық әрекеттердің электрондық тізілімінде)» деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 15) тармақшасы 2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді 15) 22-бапта: тақырып мынадай редакцияда жазылсын: «22-бап. Нотариустың мөрі, мөртабандары және электрондық цифрлық қолтаңбасы»; 1-тармақтағы «мен жеке бланкілері» деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: «4. Электрондық құжаттармен нотариаттық әрекеттер жасауды және мәліметтерді бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге енгізуді нотариус электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге асырады.»; 16) 24-1-бапта: 1-тармақта: бірінші бөліктегі «Тәртіптік комиссия» деген сөздер «Нотариаттың палатаның тәртіптік комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын: «Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының құрамына нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысында сайланатын, кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар кемінде төрт нотариус, сондай-ақ әділет органдары ұсынған жұртшылықтың үш өкілі енгізіледі. Нотариус нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының төрағасы болып табылады.»; 2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «Тәртіптік комиссия» деген сөздер «Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы мынадай тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы шешім қабылдауға құқылы: 1) ескерту; 2) сөгіс; 3) қатаң сөгіс; 4) нотариаттық палатадан шығару не лицензиарға нотариусты лицензиясынан айыру туралы талап қою арызын дайындау жөнінде өтінішхат бере отырып, нотариаттық палатадан шығару.»; 4-тармақ алып тасталсын; 5-тармақтағы «тәртіптік комиссия» деген сөздер «нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы «Тәртіптік комиссия» деген сөздер «Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «7. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімдеріне Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясында немесе сотта дау айтылуы мүмкін.»; 17) мынадай мазмұндағы 24-2 және 24-3-баптармен толықтырылсын: «24-2-бап. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы 1. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімдеріне шағымдарды қарайды, тәртіптік практиканы жинақтап қорытады. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы Республикалық нотариаттық палатаның съезі сайлайтын және оған есеп беретін Республикалық нотариаттық палатаның тәуелсіз органы болып табылады. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шешімдерінің міндетті сипаты болады. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының құрамына нотариаттық палатаның ұсынуы бойынша - кемінде бес жыл нотариаттық қызмет өтілі бар төрт нотариус, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша жұртшылықтың үш өкілі енгізіледі. Нотариус Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының төрағасы болып табылады. 2. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шағымды қарау кезінде шағымды жіберген адамды, сондай-ақ нотариаттық палатаның өзіне қатысты шағым қаралатын мүшесін өз отырысына шақыруға міндетті. Шағымды қараудың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған, аталған адамдардың келмеуі оны қарауға кедергі болмайды. 3. Нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешіміне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды қарау нәтижелері бойынша Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының: 1) шағымды қанағаттандырусыз, ал нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімін өзгеріссіз қалдыруға; 2) нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы шешімінің күшін жоюға; 3) істі нотариаттық палатаның тиісті тәртіптік комиссиясына жаңадан қарауға жіберуге және нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясын белгілі бір әрекеттер жасауға міндеттеуге құқығы бар. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының отырысы, егер оған оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, құқықты деп есептеледі. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешімі отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының шешіміне сотта дау айтылуы мүмкін. 4. Республикалық нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының жұмысын жинақтап қорыту Республикалық нотариаттық палатаның интернет-ресурсында орналастырылады. 24-3-бап. Тәртіптік теріс қылықтар 1. Нотариустың тәртіптік теріс қылық жасауы тәртіптік жаза қолдануға негіз болып табылады. 2. Нотариустың өз кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы немесе орындамауы, Қазақстан Республикасы заңнамасының, Нотариустың әдеп кодексінің, Республикалық нотариаттық палата органдары, нотариаттық палаталар шешімдерінің талаптарын бұзуы тәртіптік теріс қылық деп танылады. 3. Нотариустың тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін бір тәртіптік жаза ғана қолданылуы мүмкін.»; 18) 26-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Нотариаттық палата жекеше практикамен айналысатын нотариустардың құқықтары мен заңды мүдделерін білдіру және қорғау үшін, сондай-ақ жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасын, кәсіби және әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету үшін құрылатын коммерциялық емес кәсіби өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады.»; 19) 26-3-баптың 3-тармағындағы «екі жылдан аспайтын» деген сөздер «төрт жыл» деген сөздермен ауыстырылсын; 20) 27-бапта: 1-тармақта: 3) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «3) жекеше нотариустардың Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасын, кәсіби және әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;»; «6) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың тағылымдамадан өтуін ұйымдастырады;»; 8) тармақша алып тасталсын; 9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «9) жеке және заңды тұлғалардың нотариаттық қызмет мәселелері бойынша жолданымдарын қарайды;»; мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын: «11) жасалған нотариаттық әрекеттерді есепке алуды жүргізеді; 12) өзінің интернет-ресурсында: нотариаттық палаталар мүшелерінің жаңартылған күйдегі тізімін; Нотариустың әдеп кодексін; нотариустардың біліктілігін арттыру туралы ережені; нотариаттық палата мүшелерінің жалпы жиналысы, нотариаттық палатаның басқармасы қабылдаған шешімдерді; нотариаттық палата тәртіптік комиссиясының жұмысын жинақтап қорытуды; нотариаттық палатаның қаржылық-шаруашылық қызметі туралы, әрбір өзіндік ерекшелік бойынша жеке-жеке барлық түсімдер мен шығыстар туралы ақпарат қамтылатын есепті; нотариаттық палатаның қызметі туралы есептерді; нотариаттық палатаның қызметі туралы өзге де қажетті ақпаратты орналастырады.»; 1-1-тармақтың 5) және 6) тармақшалары алып тасталсын; 21) мынадай мазмұндағы 28-1, 28-2 және 28-3-баптармен толықтырылсын: «28-1-бап. Республикалық нотариаттық палатаның органдары 1. Мыналар Республикалық нотариаттық палатаның органдары болып табылады: 1) жоғары орган - Республикалық нотариаттық палатаның съезі; 2) атқарушы орган - Республикалық нотариаттық палатаның басқармасы; 3) бақылаушы орган - ревизиялық комиссия. Республикалық нотариаттық палатада Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясы құрылады. 2. Республикалық нотариаттық палатаның жарғысында көзделген жағдайларда Республикалық нотариаттық палатада Республикалық нотариаттық палатаның съезі қабылдайтын ережелер негізінде жұмыс істейтін ғылыми-консультациялық кеңес және басқа да органдар құрылуы мүмкін. 28-2-бап. Республикалық нотариаттық палатаның съезі 1. Республикалық нотариаттық палатаның съезі төрт жылда кемінде бір рет шақырылады. Егер Республикалық нотариаттық палата съезінің жұмысына Республикалық нотариаттық палата мүшелерінің кемінде төрттен үшінен сайланған делегаттар қатысса, ол құқықты деп есептеледі. 2. Республикалық нотариаттық палата съезінің айрықша құзыретіне мыналар жатады:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |