Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы
Осы редакция 2020 жылғы 24 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 166-бабының 9-тармағына, 167-бабының 8-тармағына, 170-бабының 2-тармағына, 171-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес бақылау-касса машиналарын қолдану қағидалары; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бақылау-касса машинасын тіркеу карточкасының нысаны; 3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес қолма-қол ақшаны есепке алу кітабының нысаны; 4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес тауар чегі кітабының нысаны; 5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес тауар чегінің нысаны; 6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес бақылау-касса машиналарының модельдерін мемлекеттік тізілімге (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидалары; 7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарынан тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау, сондай-ақ оларды мемлекеттік кірістер органдарына фискалдық деректер операторымен беру қағидалары бекітілсін. 2. Осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгiленген тәртіпте: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|