Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қағидаларын бекіту туралы (2018.24.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 ж. 1 қаңтарға дейін қолданылған редакция
ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 871 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 871 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2013.19.06. № 635 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 871 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 871 Қаулысымен 1-тараудың жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 871 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру мен өткізу тәртібін белгілейді. ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізіледі. Мемлекеттік аттестаттау рәсімі рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты емес, өз қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны алу үшін білім беру ұйымының бастамашыл өтінішінің негізінде бару арқылы бақылаудың өзге нысанында жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды іске асырып жатқан білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүзеге асырады: Екінші - алтыншы абзацтар 2017 ж. 1 қаңтарға дейін ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысының 3-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылады. 2017 ж. 1 қаңтардан бастап 2020 ж. 1 қаңтарға дейін осы қаулының 3-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары; мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары; арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламалары; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары. Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беру немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) өз құзыреті шегінде жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді. Аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне, бірақ 5 жылдан аспайтын мерзімге аккредиттелген білім беру бағдарламалары (мамандықтар) бойынша мемлекеттік аттестаттау рәсімінен босатылады. ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 5. Мемлекеттік аттестаттау мынадай негізгі кезеңдерден тұрады: 1) уәкілетті органның мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін күнтізбелік жылға бекітуі; 2) тиісті уәкілетті органның білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау материалдарын (білім беру сапасын ішкі бағалау) талдауды жүзеге асыруы, аттестаттау комиссиясын қалыптастыру, мемлекеттік аттестаттауды өткізу, мемлекеттік аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырым жасау; 3) уәкілетті органның білім беру ұйымы қызметінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы шешім қабылдауы. 6. Білім беру ұйымдарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын орындауын бақылау мақсатында мемлекеттік аттестаттау тұтастай білім беру ұйымы бойынша жүзеге асырылады. 6-тармақтың екінші бөлігінің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, осы бөлік тоқтатыла тұру кезеңінде ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 871 Қаулысының 3-тармағының редакцияда қолданылады (бұр.ред.қара) Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар және кадрларды даярлау бағыттары бойынша да жүзеге асырылады. 7. Білім беру ұйымын, сондай-ақ мамандықтар бөлінісінде мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезіндегі негізгі бағыттар мен зерделеу объектілері: 1) жалпы сипаттама; 2) кадрлар құрамы, оның ішінде білім беру ұйымының басшыларына, педагог қызметкерлеріне және оларға теңестірілген адамдарға қойылатын біліктілік талаптарының сақталуы; 3) білім алушылардың контингенті; 4) оқу-әдістемелік жұмыс және педагогикалық жүктеме; 5) оқу-тәрбие жұмысы; 6) оқу-материалдық активтер; 7) оқу және ғылыми зертханалар; 8) ақпараттық ресурстар мен кітапхана қоры; 9) білім алушылардың білім сапасын бағалау; 10) ғылыми-зерттеу жұмысы не ғылыми қызмет; 11) кәсіптік практика болып табылады. 8. Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде ақпарат жинаудың негізгі әдістері: 1) білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасын және әлеуметтік қамтамасыз ету объектілерін шолып қарау; 2) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар талаптарының сақталуын тексеру мақсатында білім беру ұйымдарының құжаттамасын зерделеу; 3) оқу процесінің көрсеткіштерін талдау; 4) оқу жетістіктерін бағалаудың, білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың нәтижелерін талдау; 5) білім алушыларды, педагогтар мен оларға теңестірілген адамдарды, қызметкерлерді және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарын сауалнамадан өткізу; 6) оқу сабақтарына қатысу; 7) білім алушылармен, оқытушылармен және қызметкерлермен, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің ата-аналарымен әңгімелесу; 8) білім алушылардың білім сапасын кешенді тестілеу және білім кесінділерін бақылаудың басқа да түрлерін өткізу арқылы бағалау болып табылады. 9. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға арналған шығыстар бюджеттік қаражат есебінен жүзеге асырылады. 10. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезінде біртұтас тәсіл мен ашықтықты қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды және олардың өзін-өзі бағалауды ұйымдастыру мен өткізудің бағдарламалары және әдістемелік ұсынымдарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді, олардың мәтіні тиісті уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 871 Қаулысымен 2-тараудың жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-тарау. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. Уәкілетті орган мемлекеттік аттестаттауға жататын білім ұйымдарының тізбесін аттестаттау мерзімдерін көрсете отырып, жыл сайын бірінші қарашаға дейін бекітеді және уәкілетті органның сайтында орналастырылады. 12. ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 871 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 13. Білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей уәкілетті органға осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген зерделеу объектілерінің әрқайсысы бойынша өзін-өзі бағалау материалдарын ұсынады. 14. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды аттестаттау комиссиясы жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде өткізеді. ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Аттестаттау комиссиясының құрамына: 1) тиісті уәкілетті органның; 2) егер мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік білім беру ұйымдарында өткізілген жағдайда, қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдардың; 3) мемлекеттік аттестатталуға тиіс білім беру ұйымы қызметінің бейіні бойынша білікті мамандар болып табылатын білім беру ұйымдары мен олардың бірлестіктерінің (қауымдастықтарының); 4) білім беру саласындағы уәкілетті органның тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымының; 5) бейінді бағыттар бойынша кәсіпорындардың, мекемелердің немесе ұйымдардың өкілдері кіреді; 6) дербес білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға қатысады. 16. Уәкілетті органның лауазымды адамының бұйрығымен аттестаттау комиссиясының құрамы және оның төрағасы - уәкілетті органның қызметкері бекітіледі. Аттестаттау комиссиясының төрағасы (бұдан әрі - төраға) аттестаттау комиссиясы мүшелерінің арасында білім беру ұйымы қызметінің бағыттарын зерделеу жөніндегі нақты тапсырмаларды бөледі. Төраға ғылыми немесе педагогикалық кеңестің кезектен тыс кеңейтілген отырысында аттестаттау комиссиясының мүшелерін таныстырады. 17. Аттестаттау комиссиясының жұмысы туралы хабарлау және тиісті жазбаша хабарландыруларды дайындау білім беру ұйымының басшысына жүктеледі. 18. Аттестаттау комиссиясы өзінің қызметінде білім беру ұйымдарының қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады. 19. Аттестаттау комиссиясының мүшелері төрағаға мемлекеттік аттестаттау мәселелерін зерделеу барысы туралы ақпарат береді және зерделеу объектілері бойынша, сондай-ақ мамандықтар бойынша анықтамаларды тапсырады. ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 20. Білім алушылардың білім сапасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау үшін аттестаттау комиссиясы 4, 9, 11-сыныптарда және бітіруші курстарда білім алушылардың білімін, дағдысын және іскерлігін бақылауды өткізеді. Бұл ретте кешенді тестілеу технологиясы немесе білім алушылардың білімі мен іскерлігін бақылаудың өзге де түрлері (бақылау жұмысы, эссе, жобалық тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар, шығармалар) пайдаланылады. Білім беру ұйымында бітіруші сыныптар мен курстар болмаған жағдайда, білімді, дағдыны және іскерлікті бақылау жоғарғы сыныптар мен курстардағы білім алушылармен өткізіледі. Үшінші бөлік 2017 ж. 1 қаңтарға дейін ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылады. 2017 ж. 1 қаңтардан бастап 2020 ж. 1 қаңтарға дейін осы қаулының 4-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады 20-тармақтың үшінші бөлігінің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, осы бөлік тоқтатыла тұру кезеңінде ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 871 Қаулысының 4-тармағының редакцияда қолданылады (бұр.ред.қара) Бітіруші курстардың (олар болмаған жағдайда - жоғарғы курстардың) білім алушыларының білімі мен іскерлігін тексеру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында - облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беруді басқару органдарының әдістемелік кабинеттері және бейіндер бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бірлестіктері, әскери, арнаулы оқу орындарында - қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдар базалық және бейінді циклдерге кіретін пәндердің тізбесін уәкілетті органның тестілеу мәселелері жөніндегі ұйымына ұсынады. Аталған пәндердің тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 21. Тестілеу және білім мен іскерлікті бақылаудың өзге де түрлері білімі бақылануға тиіс білім алушылар контингентінің тізімдік құрамының кемінде 95 %-ы (бітірушілерінің жалпы саны 10 немесе одан да аз білім беру ұйымдарында - кемінде 80 %-ы) қатысқан жағдайда өткізіледі. ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 22-тармақ 2017 ж. 1 қаңтарға дейін ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысының 5-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылады. 2017 ж. 1 қаңтардан бастап 2020 ж. 1 қаңтарға дейін осы қаулының 5-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады 22. Тестілеуге келген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушыларының өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, сондай-ақ сынақ кітапшасы болуы тиіс. 23. Кешенді тестілеу кезіндегі бағалау шәкілі (пайыздық қатынаста) мынадай тәртіппен айқындалады: «өте жақсы» - 90-100 %; «жақсы» - 75-89 %; «қанағаттанарлық» - 50-74 %; «қанағаттанғысыз» - дұрыс жауаптар емтихан материалдарындағы сұрақтар санының 50 %-ынан аз. 24. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылармен өткен бақылау жұмыстарын, эссені, жобалық тапсырмаларды, шығармашылық тапсырмаларды, шығармаларды тексеруді және төрт балдық жүйемен бағалауды төраға бекітетін бірлескен комиссия (бұдан әрі - бірлескен комиссия) жүзеге асырады. Бірлескен комиссияның құрамына: 1) төраға; 2) аттестаттау комиссиясының мүшесі; 3) аттестатталатын білім беру ұйымының бір өкілі кіреді. 25. Мектепке дейінгі ұйымдарда кешенді тестілеудің орнына қызметкерлер мен тәрбиеленушілердің ата-аналарын сауалнамадан өткізу жүргізіледі. Арнайы және мамандандырылған білім беру ұйымдарында, қосымша білім беру ұйымдарында білімді бақылаудың бақылау жұмысы, тыңдау, байқау, спорттық өлшеулер сияқты нысандары қолданылады. ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2018.24.12. № 871 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 26-тармақ өзгертілді 26. Кешенді тестілеудің және білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерін, дағдысы мен іскерліктерін бақылаудың басқа да нысандарының, қызметкерлер мен ата-аналарға сауалнама жүргізудің нәтижелерін талдауды аттестаттау комиссиясы жүзеге асырады. Екінші бөлік 2017 ж. 1 қаңтарға дейін ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысының 6-тармағының 1) тармақшасының редакциясында қолданылады. 2017 ж. 1 қаңтардан бастап 2020 ж. 1 қаңтарға дейін осы қаулының 6-тармағының 2) тармақшасының редакциясында қолданылады Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін аттестаттау комиссиясы осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген контингенттің тізімдік құрамынан білім алушылардың кемінде 70 %-ының дұрыс жауап бергендігін айқындаса, білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп есептеледі. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жалпы білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін аттестаттау комиссиясы осы Қағидалардың 23-тармағында келтірілген бағалау шәкілі бойынша «қанағаттанарлық» бағасынан төмен емес деп айқындаса білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес деп есептеледі. 27. Сауалнама және басқа да сұраулар түрлерін жүргізу кезінде аттестаттау комиссиясы студенттік, жастар және қоғамдық ұйымдарды тартады. 28. Төраға мемлекеттік аттестаттауды өткізу кезіндегі зерделеу объектілерінің барлығы бойынша бақылау нәтижелерін жинақтайды және аттестаттау комиссиясының қорытындысын (бұдан әрі - қорытынды) дайындайды. 28-тармақтың екінші бөлігінің қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, осы бөлік тоқтатыла тұру кезеңінде ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 871 Қаулысының 5-тармағының редакцияда қолданылады (бұр.ред.қара) Қорытынды осы Қағидалардың 7-тармағында келтірілген мемлекеттік аттестаттау кезіндегі зерделеу объектілері жөніндегі мәліметтерден тұрады, сондай-ақ мынадай бөлімдерді қамтиды: шығармашылық қызмет (өнер саласындағы білім беру ұйымдары үшін); мамандықтарды немесе кадрларды даярлау бағыттарын аттестаттау; сауалнама нәтижелері; кемшіліктер мен ескертулер (бұдан әрі - бұзушылықтар); тұжырымдар мен ұсыныстар. 29. Қорытындының екі данасына төраға мен аттестаттау комиссиясының барлық мүшелері қол қояды. Қорытындының көрсетілген даналарына танысқаны және даналардың біреуін алғаны туралы белгімен білім беру ұйымының басшысы қол қояды және білім беру ұйымының мөрімен расталады. Білім беру ұйымының басшысы қорытындының даналарына қол қоюдан бас тартқан жағдайда Төраға мен аттестаттау комиссияның мүшелері тиісті акті жасайды және қорытындының бір данасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымына енгізіледі. 30. Қорытындыға мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) білім беру ұйымы қызметінің негізгі көрсеткіштері; 2) білім беру ұйымының құрылымы; 3) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, осы тармақша тоқтатыла тұру кезеңінде ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 871 Қаулысының 6-тармағының редакцияда қолданылады (бұр.ред.қара) 3) білім беру ұйымының контингенті, оның ішінде оқыту нысандары, мамандықтар немесе кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқитын білім алушылар туралы мәліметтер; 4) білім беру ұйымының профессор-оқытушы, педагогикалық және қызмет көрсететін құрамының сандық және сапалық сипаттамасы; 5) білім мен іскерлікті бақылау нәтижелері; 6) тармақшаның қолданысы 2020 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, осы тармақша тоқтатыла тұру кезеңінде ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 871 Қаулысының 7-тармағының редакцияда қолданылады (бұр.ред.қара) 6) мамандықтар немесе кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы анықтамалар. 31. Мемлекеттік аттестаттаудың соңғы күні төраға ғылыми немесе педагогикалық кеңесте қорытынды туралы хабарлайды. Білім беру ұйымының басшылығы аттестаттау комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда, қорытынды ресми жария етілгеннен кейін күнтізбелік үш күн ішінде жазбаша негіздемемен уәкілетті органға жүгінеді. Көрсетілген өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды. ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен 32-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 32. Білім беру ұйымының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы аттестаттау комиссиясының қорытындысы негізінде күнтізбелік он күн ішінде уәкілеттік органның тиісті лауазымды адамы бұйрық шығарады. ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен 33-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.24.12. № 871 Қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 33. Білім беру ұйымының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкестігі туралы шешім, егер білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың талаптарына, оның ішінде білім алушылардың білімі мен іскерлігін бағалау нәтижелері осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес болған жағдайда, қабылданады. ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 34. Мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының бұзылғандығы айқындалған жағдайда уәкілетті органның лауазымды адамы білім беру ұйымына оны жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып бұзушылықтарды жою туралы жазбаша нұсқама (бұдан әрі - нұсқама) шығарады. Нұсқамада белгіленген мерзім өткеннен кейін уәкілетті орган жоспардан тыс тексеру нысанында білім беру ұйымының нұсқаманы орындауына бақылау жүргізеді. Білім беру ұйымы нұсқамада белгіленген мерзім өткенге дейін бұзушылықтардың жойылуына бақылау жүргізуге жазбаша бастамашылық жасауға құқылы. 35. ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 36. ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2016.13.05. № 290 Қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 37. Білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы ақпарат тиісті уәкілетті органның ресми сайтына орналастырылады. 38. Халықаралық білім беру ұйымдарын, шетелдік білім беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттік аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Үкіметінің 2007 жылғы»24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 45, 405-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 сәуірдегі № 439 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12, 115-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы № 1182 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 39, 401-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 216 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 11, 104-құжат). 5.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 ақпандағы № 150 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 6, 75-құжат).
|