2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті туралы
Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 6С-48/2 шешімі
(2020.17.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2020 жылғы 10 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2020.27.03. № 6С-49/2 шешімімен (бұр.ред.қара); 2020.17.04. № 6С-50/2 шешімімен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2020-2022 жылдарға арналған қала бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес, соның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 8 382 657,3 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 3 246 387,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 24 338 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 49 405 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 5 062 527,2 мың теңге;
2) шығындар - 9 672 802,2 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 17 118 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер - 19 932 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 2 814 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 5 875 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 5 875 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - - 1 313 137,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 313 137,9 мың теңге.
2. 2020 жылға арналған қала бюджетінде областық бюджеттен берілетін 2 581 090 мың теңге сома субвенция көзделгені есепке алынсын.
3. 2020 жылға арналған қала бюджетінің түсімдер құрамында облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 4-қосымшаға сәйкес есепке алынсын.