«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия құру туралы
«Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығымен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереженің 10-тармағының 10) тармақшасына және Қазақастан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 73-17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес құрамда «Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 366 бұйрығына 1-қосымша
«Болашақ» халықаралық стипендиясы иегерлерінің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы; 2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, комиссия төрағасының орынбасары; 3. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, комиссия мүшесі; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|