|
|
|
Қазақстан Республикасының
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., №13, 99-құжат; 2005 ж., №9, 26-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №11, 55-құжат; №12, 79, 83-құжаттар; №16, 97-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №14, 105-құжат; №15, 106, 109-құжаттар; №16, 129-құжат; №17, 139-құжат; №18, 143-құжат; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №15-16, 64-құжат; №21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №13-14, 62-құжат; №15-16, 76-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №6, 49, 50-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 114-құжат; №15, 120-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 9, 11-құжаттар; №3, 27-құжат; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №8, 64-құжат; №11, 80-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 64-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат): 33-баптың 1-тармағының алтыншы бөлігі мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы басқарушы компанияның пайдасына инфрақұрылым объектілерімен қоса мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін иеліктен шығарған кезде;». 2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №22-I, 22-II, 112-құжат; 2009 ж., №2-3, 16, 18-құжаттар; №13-14, 63-құжат; №15-16, 74-құжат; №17, 82-құжат; №18, 84-құжат; №23, 100-құжат; №24, 134-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №7, 28, 29-құжаттар; №11, 58-құжат; №15, 71-құжат; №17-18, 112-құжат; №22, 130, 132-құжаттар; №24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №2, 21, 25-құжаттар; №4, 37-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 116-құжат; №14, 117-құжат; №15, 120-құжат; №16, 128-құжат; №20, 151-құжат; №21, 161-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 11, 15-құжаттар; №3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №6, 43, 44-құжаттар; №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №11, 80-құжат; №13, 91-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №2, 7, 10-құжаттар; №3, 15-құжат; №4, 21-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №12, 57-құжат; №14, 72-құжат; №15, 76, 81, 82-құжаттар; №16, 83-құжат; №21-22, 114, 115-құжаттар; №23-24, 116-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №8, 44, 49-құжаттар; №10, 52-құжат; №11, 63, 64, 65, 69-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128, 131-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №7, 34-құжат; №8, 44, 45-құжаттар; №11, 52-құжат; №14, 72-құжат; №15, 78): 1) 150-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын: «Осы Кодекстің 151-1 - 151-10-баптарында көрсетілген экономикалық қызмет түрлері бойынша қызметтің басым түрлерінің тізбесін және құрылысы қызметтің осы түрлерін жүзеге асыруға арналған объектілердің тізбесін, сондай-ақ қызметтің басым түрлері мен құрылыс объектілерін көрсетілген тізбелерге енгізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Қызметтің басым түрлерін айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышына және экономикалық қызмет түрлері бойынша өнім сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.»; 3-тармақта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) осы Кодекс қолданысқа енгізілгенге дейін көзделген инвестициялық салық преференцияларын қолданатын (қолданған) ұйымдар;»; мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес инвестициялық басым жобаны және инвестициялық стратегиялық жобаны іске асыратын (іске асырған) ұйым;»; 2-тармақтың 1) тармақшасының оныншы абзацы 2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 4-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын: 2-тармақтың 1) тармақшасының он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтары 2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «6. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйым туралы мәліметтер арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген күннен кейін салық заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, мұндай ұйым, егер Қазақстан Республикасының салық заңнамасына осындай өзгерістер мен толықтырулар: жер салығын, мүлік салығын және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеген кезде қолданылатын коэффициенттерді және (немесе) мөлшерлемелерді; корпоративтік табыс салығын есептеген кезде азайту мөлшерін алып тастауды және (немесе) өзгертуді көздейтін болса, осы тармақта көрсетілген күні қолданыста болған осы Кодекстің 17-тарауының ережелерін қолданады. Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес жасалған арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі ішінде, бірақ талап қою мерзімінен аспайтын мерзімде қолданылады.»; 2-тармақтың 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшалары 2016 ж 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді 2) 151-1-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері: 1) мыналарды: сусындар шығаруды; темекі бұйымдарын өндіруді; жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді; жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді; машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп; 2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі; 3) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және оларды пайдалануға беру; 4) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және оларды пайдалануға беру; 5) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.»; 2-тармақта: бірінші абзацтағы «1-тармағында» деген сөздер «1-тармағының 1) - 4) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Астана - жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»; 3-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды. Егер осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»; 3) 151-2-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері: 1) мыналарды: тамақ өнімдерін өндіруді; сусындар шығаруды; темекі бұйымдарын өндіруді; жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді; жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді; жиһаз шығаруды; машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп; 2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.»; 2-тармақта: бірінші абзацтағы «1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында» деген сөздер «1-тармағының 1) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»; 3-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды. Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»; 4) 151-3-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері: 1) мыналарды: тамақ өнімдерін өндіруді; сусындар шығаруды; темекі бұйымдарын өндіруді; жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді; жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді; жиһаз шығаруды; машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп; 2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі; 3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.»; 2-тармақта: бірінші абзацтағы «1-тармағында» деген сөздер «1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады. Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды. Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»; 5) 151-4-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасын қолдану мақсатында «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері: 1) мыналарды: тамақ өнімдерін өндіруді; сусындар шығаруды; темекі бұйымдарын өндіруді; тоқыма бұйымдарын өндіруді; киім шығаруды; жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді; химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіруді; металлургия өнеркәсібін; жиһаз шығаруды; автокөлік құралдарын шығаруды; машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп; 2) ақпарат және байланыс; 3) кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет; 4) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) - 3) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.»; 3-тармақта: бірінші абзацтағы «1) - 9-1) тармақшаларында» деген сөздер «1) - 3) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»; 4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды. Егер осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1 - 3) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген қызмет және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»; 5-тармақтың төртінші абзацындағы «1) - 9-1) тармақшаларында» деген сөздер «1) - 3) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) 151-5-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері: 1) мыналарды: тамақ өнімдерін өндіруді; сусындар шығаруды; темекі бұйымдарын өндіруді; жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді; жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді; жиһаз шығаруды; машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп; 2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.»; 2-тармақта: бірінші абзацтағы «1-тармағында» деген сөздер «1-тармағының 1) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады. Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды. Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»; 7) 151-6-баптың 2-тармағының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»; 8) 151-7-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері: 1) мыналарды: тамақ өнімдерін өндіруді; сусындар шығаруды; темекі бұйымдарын өндіруді; жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді; жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді; жиһаздар шығаруды; машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп; 2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.»; 2-тармақта: бірінші абзацтағы «1-тармағында» деген сөздер «1-тармағының 1) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады. Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды. Егер осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»; 9) 151-8-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері: 1) мыналарды: сусындар шығаруды; темекі бұйымдарын өндіруді; жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді; жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді; жиһаздар шығаруды; машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп; 2) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі; 3) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.»; 2-тармақта: бірінші абзацтағы «1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында» деген сөздер «1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»; 3-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды. Егер осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салықтық міндеттемені есептеу мақсатында, осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған табыстар мен осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырудан алынған табыстар бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.»; 10) 151-9-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Кодекстің 150-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының экономикалық қызмет түрлері: 1) мыналарды: тамақ өнімдерін өндіруді; сусындар шығаруды; темекі бұйымдарын өндіруді; жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіруді; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіруді; жазылған материалдарды басып шығаруды және тыңдатып-көрсетуді; жиһаздар шығаруды; машиналар мен жабдықтарды жөндеуді және орнатуды қоспағанда, өңдеуші өнеркәсіп; 2) жобалау-сметалық құжаттама шегінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін тікелей арналған объектілерді салу және оларды пайдалануға беру болып табылады.»; 2-тармақта: бірінші абзацтағы «1-тармағында» деген сөздер «1-тармағының 1) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының жұмыс істеу мерзімінен аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметiн жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады. Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |