Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2022.02.06. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 346 қаулысымен бекітілген
1. ҚР Үкіметінің 2022.02.06. № 355 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде: 16-тармақ мынадай мазмұндағы 72-1) тармақшамен толықтырылсын: «72-1) тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру тәртібін айқындау;». 3. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат): 3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары алып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеде: үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «заң қызметтері қызметкерлерінің кәсіптік деңгейін арттыру, оның ішінде әділет органдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында заң қызметтері қызметкерлерін жүйелі түрде тағылымдамадан өткізу үшін тұрақты негізде іс-шаралар ұйымдастыру.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|