Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы (2024.21.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2021.22.10. № 325 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 42) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. ҚР Энергетика министрінің 2015.30.11. № 676 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Осы бұйрық Қағидалардың 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 3 және 5-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҚР Энергетика министрінің 2018.07.11. № 439 бұйрығымен қағидалары жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|